Date of publication: 30.03.2015 15:16
Date of changing: 21.10.2019 15:33

         Мүлiктi жария ету 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап өткізіледі және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

        Мүлiктi жария етуге ұсыну үшін құжаттарды қабылдау 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Жария ету субъектілері Күршім ауылы Бунтовских көшесі номер 2 үй 12 кабинет Күршім ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына мынадай құжаттарды табыс етеді:

1) Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiш (бұдан әрi – өтiнiш);

2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесі;

3) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлiк және шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

4) эмитенттерi шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құжаттар, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi дербес шоттан үзiндi көшірме не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжат;

5) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат.

Шетел валютасында көрсетілген мүлік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына – теңгеде өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;

6) мүлікті жария ету үшін алымды (бұдан әрі – алым) төлегенін растайтын құжат.

6. Шет тілінде ресімделген құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.