- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 10.07.2024 09:25
Date of changing: 10.07.2024 10:07
1.Кәсіптік медиатор қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға бір мезгілде жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар ма?
Бар болған жағдайда, оларды тіркеуге есепке алуды жүзеге асыру қалай болады?
Жауап:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі – Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексіне жекеше нотариустерге, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға қолданыстаға салық салу тәртібіне ұқсайтын тәртіппен, салық салу тәртібі медиаторларға да енгізілді.
Сонымен, Салық кодексінің 12-бабы 1-тармағының 20-2) тармақшасына сәйкес кәсіби медиатор - Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес кәсіби негізде қызметін жүзеге асыратын медиатор.
Осымен қатар, Салық кодексінің 565-бабына кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюға қатысты толықтыру енгізілді, ол жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде табыс етілген, дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Салық кодексінің 565-бабы 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде табыс етілген, дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
Кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюға қатысты Салық кодексінің 565-бабы 4-тармағында айқындалғаннан басқа, қандай да бір, басқа талаптар қолданыстағы Салық кодексінің нормаларымен көрсетілмеген.
Осылайша, қолданыстағы Салық кодексінің нормалары тек, дара кәсіпкер немесе кәсіби медиатор ретінде ғана тiркеу есебіне қоюды көздейді.
Сонымен бірге, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағымен айқындалған (Бұдан әрі - Заң), яғни медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды, осылай дегенмен де Заңның 9-бабы 6-тармағы медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқық береді.
Кәсіби медиаторлардың қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді шешу үшін, уәкілетті органға 22.07.2015 жылы № КГД-06-2/15309-И хат жіберілді (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі).
2. № НК-06-29504-7087 20 қыркүйек 2013 жылдағы түсіндірмені ескере отырып, Департамент 12.11.2012 жылға дейін тіркелген Ресей Федерациясы азаматына дара кәсіпкерлікпен айналысуды тоқтату бойынша шара қолданбауы құқылы ма?
Жауап:
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Ресей Федерациясы азаматтарының қызметтерін тоқтату мәселесі бойынша 2013 жылдың 20 қыркүйегіндегі №НК-06-29504-7087 хатта баяндалған айқындаманы ұстанатынын хабарлайды.
Сонымен, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан Республикасы аймағында дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқысыз, ҚР ҚМ СК салық департаментімен облыстар бойынша және Алматы мен Астанаға жолданған №НК-11/10273-И түсіндіру хатын жібергенге дейін, дара кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғаларды қоспағанда.