- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 10.07.2024 10:44
Date of changing: 10.07.2024 10:50
Сұрақ
«Сокол»ЖШС орта бизнес субъектісі болып табылады. ЖШС жалғыз құрылтайшысы – тжеке тұлға – директор, қайтарымды негізде уақытша өтеусіз қаржылай көмек көрсету туралы шарт негізінде 3 жыл мерзімге несие берді (2022 жылы). Бұл несие айналым қаражатын толықтыруға арналған. Құрылтайшы 250.00 декларацияда берешекті көрсету үшін, нотариусқа мемлекеттік баж бен комиссия төлеп, нотариуспен шартты растау қажет пе? Мемлекеттік баж төлеу қажет болса, қанша мөлшерде көрсетулеріңізді сұраймыз.
Жауап
Сапанов Тохтар Серикович
ЖСН 000000000000
ШҚО, Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің сұраныс хатыңызға келесіні хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің (әрі қара Салық кодексі) 631 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік болуы туралы ақпараттына қоса Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі) көрсетуге міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 21.06.2018 ж № 617 бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны жасау қағидаларының (250.00 – нысан) 26-27 тармақтарына сәйкес жеке тұлғаның дебиторлық берешегі (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер, декларацияда 6- қосымшада көрсетілеі.
Салық кодексінің 630 бабының 2 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жалпылама декларациялаудың 3 – кезеңінің қатысушысы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы қажет болған жағдайда 31.12.2023 жылға 250.00 « Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» серіктестікпен берілген несие сомасын көрсетіп ұсынуға міндетті (міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде).
Нотариаттық әрекет жасағаны үшiн мемлекеттiк баж жалдау, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiкті бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн Салық кодексінің 611 бабының 4 тармақшасына сәйкес - 5 АЕК мөлшерде алынады.
Сонымен қатар нотариусқа жүгіну арқылы несие шартын нотариальды куәландыру қажет.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңының 60-бабының 4-тармағына сәйкес мұндай түсініктемелердің заңдық күші жоқ және консультативтік сипаттағы болып табылатынын ескертеміз.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 22-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 91-бабына сәйкес арыз беруші әкімшілік актіне, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге құқылы.
***
1. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті, соның ішінде бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін меншік құқығы тіркелген күннен бастап па немесе мұрагерліктің ашылу күнінен бастап есептеліне ме?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 180-1-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу кезінде туындайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 118-бабының 1-тармағына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруi және тоқтатылуы АК-де және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заң) көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркелуге жатады.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заңның 45-бабының 1-тармағына сәйкес, мұра қалдырушының мүлкіне мұрагерлердің құқықтарын тіркеу кезінде өтініш беруші мұрагерлікке құқығы туралы куәлікті не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құжаттарды, сондай-ақ Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы заңның 21-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
Бұл ретте, ҚР АК-нің 118-бабының 2-тармағына сәйкес, егер ҚР АК-де және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады.
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін мұраға алған жеке тұлғада құн өсімінен түсетін табыс осындай мүлікті өткізгенде мұра ашылған күннен емес, уәкілетті органда меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған жағдайда туындайды.
2.Өткізілетін мүліктің нарықтық құнының анықталуы тиіс:
1. Меншік құқығы туындаған күннен бастап? Егер де солай болған жағдайда, бұны қалай жасау керек? Себебі салық төлеушінің кез келгені бір жылдың ішінде, меншік құқығы туындаған күні иеленген мұрагерлік мүлікті сатпауы мүмкін.
2. Немесе жеке табыс салығы бойынша декларациясын салық кезені үшін ұсыну белгіленген мерзімнен кешіктірілмей, осы кезеңінде осындай мүлік сатылған кезде? ҚР бағалау стандартымен сәйкес «Бағалау туралы есебінің мазмұны мен формасына талаптарын бекіту туралы» есептің алғашқы парағында бағалау күні мен есепті жасау күні жазылуы тиіс. Нұсқау бойынша талапта бағалау қай күнге жасалатыны қарастырылмаған.
3. Немесе мұрагерліктің жариялану (ашылу) күніне, себебі Салық кодексінің 180-1 бабына сәйкес нарықтық кұны мүліктің меншік құқығы туындаған күнге анықталуы тиіс.
Жауап:
Салық кодексінің 180-1-бабының 6-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.
Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.
Салық кодексінің 30-бабына сәйкес, салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Бұл ретте, Салық кодексінің 159-бабының 2-тармағына және 148-бабының 1-тармағына сәйкес, төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығын есептеу үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
Сәйкесінше, бағалау меншік құқығына ие болған уақыттан кеш, бірақ мұраға алынған және меншік құқығында бір жылдан кем уақыт болған және ол бойынша мүліктік табыс туындайтын мүлікті өткізгеннен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте, бағалау туралы есеп меншік құқығы пайда болған күнге бағаны қамтуы қажет.