Date of publication: 10.07.2024 11:15
Date of changing: 10.07.2024 11:15

Туризм бойынша ЭШФ ресімдеу

 

"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 19) тармақшасына сәйкес туристiк операторлық қызмет (бұдан әрі – туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалардың шығу туризмі саласындағы туристiк өнiмдi қалыптастыру, турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу және келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы туристік өнімді қалыптастыру, туристерге, оның ішінде турагенттер арқылы ұсыну және өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi.

Заңның 1-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Заңның 1-бабының 9) тармақшасында туристік агенттік қызмет (бұдан әрі – турагенттік қызмет) – жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде агенттік шарттарға сәйкес келетін шарттардың нысандары айқындалған: комиссия шарты және тапсырма шарты.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) қосылған құн салығын (ҚҚС) салу және комиссия шартына және тапсырма шартына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру тәртібі бойынша ерекше ережелер белгіленген.

Мәселен, егер туроператор мен турагент арасында туристік өнімді сатуға жасалған шарт (агенттік) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген талаптарға сәйкес келсе, онда ҚҚС салу мақсатында туроператор комитент ретінде, ал турагент комиссионер ретінде қаралады, тиісінше Салық Кодексінің 375 және 416-баптарының ережелері қолданылады.

Бұдан басқа, туроператор туристік жолдаманы (туристік өнімді) өткізу кезінде осындай туристік жолдаманың (туристік өнімнің) құны бойынша өткізу жөніндегі айналымды айқындайды. Алайда, егер туроператор көшпелі туризм бойынша туристік жолдаманы (туристік өнімді) сататын болса, онда айналым Салық Кодексінің 381-бабы 15-тармағының 2) тармақшасы бойынша айқындалады. Турагент (комиссионер) өзінің сыйақысы (комиссиясы) мөлшерінде өткізу жөніндегі айналымды айқындайды.

Бұл ретте комиссия шарты бойынша электрондық шот-фактураны жазып беру Салық кодексінің 416-бабының ережелеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген электрондық шот – фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларына және оның нысанына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі - Ережелер).

Осылайша, туристік жолдаманы (туристік өнімді) сату кезінде электрондық шот-фактураларды жазып берудің бірнеше мысалын келтірейік:

1. Комиссия шартына сәйкес келетін шарттың талаптарында туроператордың (комитенттің) турагенттің (комиссионердің) атына туристік жолдаманы (туристік өнімді) клиенттерге одан әрі белгіленген баға бойынша өткізу үшін беруі көзделген, ал сыйақы сомасы туристік жолдаманы (туристік өнімді) жылжыту қорытындылары бойынша турагентке төленетін болады. Бұл жағдайда электрондық шот-фактуралар келесі ерекшеліктермен жазылады:

туроператор (комитент) турагенттің (комиссионердің) атына - "Өнім берушінің деректемелері" "В" бөлімінде "Өнім берушінің санаты" 10 жолында "А" торкөзінде комитент белгісі қойылады, "Алушының деректемелері" С бөлімінде  "Алушы санаты" 20 жолында "В" торкөзінде комиссионер белгісі қойылады;

турагент (комиссионер) клиенттің атына - "Өнім берушінің деректемелері" "В" бөлімінде  "Өнім берушінің санаты" 10 жолында "В" торкөзінде комиссионер белгісі қойылады және туроператор (комитент) осындай туристік жолдаманы (туристік өнімді) беру кезінде жазып берген электрондық шот-фактураға сәйкес сомалық мәндер көрсетіледі;

турагент (комиссионер) туроператор (комитенттің) атына алынған сыйақы сомасына - "Өнім берушінің деректемелері" "В" бөлімінде  "Өнім берушінің санаты" 10 жолында "В" торкөзінде комиссионер белгісі қойылады, "Алушының деректемелері" С бөлімінде "Алушы санаты" 20 жолында "А" торкөзінде комитент белгісі қойылады.

2.    Комиссия шартына сәйкес келетін шарттың талаптарында туроператордың (комитенттің) турагенттің (комиссионердің) атына турагент (комиссионер) айқындайтын баға бойынша клиенттерге одан әрі өткізу үшін туристік жолдаманы (туристік өнімді) беру көзделген, яғни сыйақы сомасы оны клиентке өткізу кезінде туристік жолдаманың (туристік өнімнің) құнына енгізілетін болады. Бұл жағдайда электрондық шот-фактуралар келесі ерекшеліктермен жазылады:

туроператор (комитент) турагенттің (комиссионердің) атына - "Өнім берушінің деректемелері" "В" бөлімінде  "Өнім берушінің санаты" 10 жолында комитенттің "А" торкөзінде комитент белгісі қойылады, "Алушының деректемелері" бөлімінде  "Алушы санаты" 20 жолында "В" торкөзінде комиссионер белгісі қойылады;

турагент (комиссионер) клиенттің атына –"Өнім берушінің деректемелері" "В" бөлімінде  "Өнім берушінің санаты" 10 жолында "В" торкөзінде турагент (комиссионер) айқындаған құн бойынша белгі қойылады. Бұл ретте клиентке жазылған шот-фактурада туристік жолдаманың (туристік өнімнің) барлық құны көрсетілгеніне қарамастан, турагенттің (комиссионердің) айналым мөлшері сыйақы сомасы бойынша айқындалады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 94-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.

Кірісті төмендету мәліметтерді әртүрлі көздерден алынған кірістер туралы мәліметтермен, атап айтқанда ЭШФ АЖ, СЕН, БКМ бойынша деректермен салыстыру негізінде айқындалады.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәліметтер бойынша туроператорлардың, туристік агенттердің табысын анықтау мүмкін емес, өйткені алынған сыйақылар табыс деп танылады.

Табысты айқындау мүмкін болатын мәліметтер бойынша Салық кодексіне сәйкес шаралар қабылдау қажет.

Сондай-ақ хабарламаларды қалыптастыру кезінде камералдық бақылау жүргізу кезінде тәуекел өлшемшарттарын басшылыққа алу қажет.