Date of publication: 10.07.2024 10:13
Date of changing: 10.07.2024 10:16

1.Оңалтуды басқарушының сыйақысына салық салу тәртібі бойынша?

 Жауап:

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бап 2 тармағына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге:

1.Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын;

2.Жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсіпкерлік субъектілері жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 19 бап 4-1 тармақтың 1) тармақшасына сәйкес қызметкерледің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы төлем көзінен салық салынатын табыс.

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 160 баптың 2) тармақшасына сәйкес төлем көзіненсалық салынатын табыстарға жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары жатады.

Салық кодексінің 168 баптың 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстарыжеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен  салық салынатын табысы осы кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

Салық кодексінің 12 баптың 31) тармақшасына сәйкес салық агенті – осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға.

Салық кодексінің 169 бабымен жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаның салық агенттерінен алатын, Салық кодекстің 168-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына Салық кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі, деп көрсетілген.

Осыған орай, оңалтуды басқарушының «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес белгіленген сыйақысы (кірісі) жеке тұлғаның салық агентінен алған кірісі болып, төлем көзінен 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салық салуға жатқызылады. Жеке табыс салығын ұстау және салықтық есепті (декларация) тапсыру салық агентіне міндеттеледі. 

 

2.Міндетті зейнет ақы жарналарын ұстау, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдарды есептеу бойынша?

Жауап:

Салық кодексінің 357 бабының 2 тармағына сәйкес  заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық салу обектісі жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18) 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған табыстар түрінде бейрезидент қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетел персоналының табыстары салық салу объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25 бабының 1 тармағына сәйкес, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңының 8 бабында қарастырылған, орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

Салық кодексінің 12 бабының 1 тармағының 26 тармақшасына сйкес қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.

Сондықтан, жеке тұлға табысы  азаматтық-құқықтық мазмұнда келісім шарт бойынша әлеуметтік, әлеуметтік аударым салық салу обектісі болып табылмайды, сонымен қатар мұндай табыстардан міндетті зейнет ақы жарнасы ұсталынбайды.