Date of publication: 10.07.2024 10:24
Date of changing: 10.07.2024 10:28

1.Оңалтуды басқарушының кредиторлар жиналысымен жасасатын шарт бойынша?

Жауап:

Оңалту рәсіміндегі кредиторлар мен оңалтуды басқарушының құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен емес, Заң және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы нормаларымен реттеледі.       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 1 бабына сәйкес тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет сондай-ақ әкімшілік – аумақтық бөліністер болып табылады.

Кодекстің 7 бабында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген келісімдер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызуға негіз болады деп көрсетілген.

Сонымен қатар, Кодекстің 384 бабына сәйкес шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.

Осыған орай, оңалтуды басқарушымен оңалту рәсімін жүргізу қызметін көрсету бойынша жасасқан шарт, қызмет көрсету үшін жасасқан азаматтық құқықтық шартына жатады.