
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, тауарлар экспорты болып не табылады?
Жауабы: Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету тауарлар экспорты болып табылады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға қандай мөлшерлеме бойынша салық салынады??
Жауабы:Салық Кодексінің 394-бабында көзделген тауарларды өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, тауарларды экспортқа өткiзу бойынша айналымға нөлдiк мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының қандай мөлшерлемесі қолданылады?
Жауабы: Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспорттау кезінде қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі қолданылады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға кім құқылы?
Жауабы: Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынған, салықтық мониторингте кемінде қатарынан он екі ай тұрған және қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынатын күнге салықтық есептілікті ұсыну бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесі жоқ қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қай мерзімде (қанша уақытта) жүргізіледі? Жауабы:
Қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған тәртіппен қайтару қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салықтық кезең үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұзарту кезеңі ескеріле отырып жүргізіледі.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, ҚҚС бақылау шоты дегеніміз не?
Жауабы: Қосылған құн салығын есепке алу үшін екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған, қосылған құн салығының сомаларын есептеу кезінде, оның ішінде:
импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, қосылған құн салығын бюджетке төлеу;
тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;
тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеуі;
қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін пайдаланылатын ағымдағы шот осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты болып табылады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кету сомасы қайтару мерзімі?
Жауабы: ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын ҚҚС төлеушіге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару, салықтық тексеру жүргізілместен он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға қандай мөлшерлемеде салық салынады?
Жауабы: Халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кетуі, қандай салық бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады?
Жауабы: Қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кетуі, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып не табылады?
Жауабы: Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісі, салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру қандай салық төлеушіге қатысты жүргізіледі?
Жауабы: Қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру:
Салық кодексінің 432-бабы 1 және 2-тармақтарын өздеріне қолдануға байланысты салықтық өтінішті;
қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты (бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап) ұсынған салық төлеушіге қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүргізіледі.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салық төлеушіге тексерілетін кезеңге қандай салықтық кезең кіреді?
Жауабы: Тексерілетін кезеңге қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы бойынша декларация тапсырылған салықтық кезеңді қоса алғанда, салық төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезеңнен бастап салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген және Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салықтық кезең кіреді.
Сұрақ: Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері қалай айқындалады?
Жауабы: Тауарлардың экспорты кезінде салық салынатын айналым мөлшері, егер Салық кодексінің 443 бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле жасасқан тараптар қолданатын бағалар мен тарифтер негізге алына отырып өткізілетін тауарлардың құны негізінде айқындалады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, Тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда Салық кодексінің 152 бап 12 тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері қанлдай салық төлеушілерге қолданылмайды?
Жауабы: Салық кодексінің 152 бап 12 тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері мынадай:
қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде, құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 150 000 000 еселенген мөлшерін құрайтын инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезеңнің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген салықтық жүктеменің 20 пайыздан кем емес орташа коэффициентіне ие;
Салық Кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тексерілетін салық төлеушілердің тікелей өнім берушілері "Пирамида" талдамалық есебінің нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жойған жағдайда қолданылмайды.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған қандай бұзушылықтар бойынша салық төлеуші түсінікті ұсынуға құқылы емес?
Жауабы: Салық төлеуші 96 баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай:
1) мыналар:
жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;
заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;
2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;
3) мыналар:
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, қандай жағдайларда салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламанын орындау мерзімі тоқтатылады?
Жауабы: Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым берілген кезде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:
1) жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап – жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;
2) сот шағымды (өтінішті) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, талап қоюдың ескіру мерзімі қандай жағдайда ұзартылады?
Жауабы: Анықталған бұзушылықтар бөлігінде, талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін талап қоюдың ескіру мерзімі ұзартылады.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамауы қандай салдарға әкеліп соғады?
Жауабы: Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау Салық Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.
Сұрақ: Өтінемін, айтынызшы, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның орындау мерзімі?
Жауабы: Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.