Date of publication: 25.12.2019 18:56
Date of changing: 27.12.2019 20:44

Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы

 

I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ.

    "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет". Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа

бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.

    Бірінші. Партия құрылысы үдерісін жалғастыру.

    Мемлекет басшысы ретінде елімізде көппартиялықты, саяси бәсекелестікті және ой-пікірдің сан алуандығын дамытуға ықпал етуді өз міндетім деп санаймын.

    Екінші. Халықпен тиімді кері байланыс орнату.

    Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.

    Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.

    Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар.

    Төртінші. Қоғамдық келісімді нығайту.

    Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның

бірлескен еңбегінің нәтижесі.

    Біздің ұстанымымыз: "Ел бірлігі – оның әралуандығында!".

 

II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

     Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.

     Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет.

     Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы,

әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет.

    Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші

басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты

белгілеу керек.

    Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі.

Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп,

қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады.

    Азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік сипаттағы апаттардан қорғау мәселесіне баса мән беріледі. Өкінішке қарай, мұндай апаттар біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті.

    Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр.

 

III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.

     Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.

      Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру.

      "Білім экономикасы", еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды.

       Екінші. Квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру.

       Біздің мемлекеттік компаниялар ірі конгломераттарға айналды. Бірақ олардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады. Мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға болады және солай ету керек.

       Үкімет баға белгілеу және тарифтер мәселесімен жүйелі әрі нақты айналысуы керек. Бұл табиғи монополистердің тауарларына да, көрсететін қызметтеріне де қатысты. Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес.

       Біздің мақсатымыз – мемлекеттің тұрақтандырушы рөлін сақтай отырып,

нарықтық институттар мен құрылымдардың толыққанды дамуын қамтамасыз ету.

       Үшінші. Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі.

       Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Үкіметке микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырамын. Заңнамаға енгізілетін тиісті түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енуі керек. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді.

        Әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керек. Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен

табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн.

Туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуді, соның ішінде жол

салып, білікті мамандар дайындауды қамтамасыз ету қажет.

     Төртінші. Ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету.

     Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Соның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуі тиіс.

     Үкімет заңнаманы 5G, "Ақылды қалалар", "Үлкен деректер", блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажет.

      Қазақстан технологиялық серіктестік орнату, мәлімет орталықтарын құру және орналастыру, мәліметтер транзитін дамыту, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс.

      Үкімет "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметіне қолдау көрсете беруі керек. Бұл құрылым, шын мәнінде, конституциялық мәртебеге ие болды. Халықаралық қаржы орталығының Назарбаев Университетімен бірлесіп, заманауи цифрлық технологияларды дамыту алаңы айналуына толық мүмкіндігі бар.

      Бесінші. Дамыған агроөнеркәсіп кешені.

      Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық

пайдаланылмай отыр.

      Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

      Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек. Өнім өңдейтін кәсіпорындар әлеуетінің 40 пайызы ғана пайдаланылып отырғанына қарамастан, оның көлемі 70 пайызға жетті.

       Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс.

       Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес. Біз Елбасының "Ауыл – Ел Бесігі" арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

       Алтыншы. Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу.

       Ұлттық табыстың әділ бөлінуіне баса мән бере отырып, салық жүйесін жаңғырту қажет деп санаймын.

       Үкімет Салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тыйым салуы қажет.

       Екінші деңгейдегі банктердің бизнеске кредит беру ісінің қолайлы әрі ұзақ

мерзімді болуын қамтамасыз ету керек.

      Жетінші. Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі.

      Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет.

      Сегізінші. Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру.

      Үкіметке еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мәселесін пысықтауды тапсырамын.

 

ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ.

      Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту.

      Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына

көшуіміз қажет.

      "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет.

       Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету - тиісті министрліктің

тікелей міндеті.

       Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл

шаралар жүзеге аса қоймайды.

       Екінші. Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру.

       Бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беруіміз қажет.

       Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет.

       Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын

қамтамасыз ету керек.

       Үшінші. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін

қамтамасыз ету.

       2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Мемлекет тегін медициналық

көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды.

       Төртінші. Мәдениет қызметкерлерін қолдау.

       Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек.

       Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту.

       Конституция бойынша біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан мемлекетіміз азаматтар алдындағы міндеттерін орындауы тиіс. Үкімет өз жұмысында осы қағидатты басшылыққа алуға міндетті. Ал, резервтерді тиімсіз шығындарды азайту және табысты арттыру есебінен қалыптастыру қажет.

       Аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық көрсету керек. Олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажет. Бұл дегеніміз – мектеп жасына дейінгі балаларға үнемі қолдау көрсету, барлық оқушыға тегін ыстық

тамақ беру, оларды оқу құралдарымен және мектеп формасымен қамтамасыз ету, медициналық, соның ішінде стоматологиялық көмек алу және қоғамдық көліктерде жүру шығындарын өтеу.

       Алтыншы. Еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғым келеді. Мұнда да қордаланып қалған мәселелер жеткілікті.

       Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізуі керек.

       Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын.

 

V. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ.

       Бірінші. Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.

       Пилоттық жоба ретінде тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу қажет деп санаймын.

       Екінші. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау.

       Бюджет үдерісінің барлық деңгейде ұйымдастырылуын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Жергілікті бюджетті қалыптастыруға халықтың белсене атсалысуы бұл істе үлкен рөл атқаруы тиіс.

       Үшінші. Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты.

       Үкімет көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауы тиіс.

       Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру.

       Кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу керек.

       Үкімет жыл соңына дейін жалдамалы пәтерлерге, сондай-ақ "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген баспана заемын алуға кезекте тұрғандарды есепке алудың ұлттық бірыңғай жүйесін құруы керек.

      Төртінші. Инфрақұрылымды дамыту.

      Еліміздің әр аймағының тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік

инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі біркелкі емес екені белгілі. Осы теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру қажет.