
Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, сізге келесіні хабарлайды.
2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) «Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы» 17 тарауының күші 01.01.2020 ж. дейін қолданылады.
Осыған байланысты сіздерге Өскемен қалалық мәслихатының «Маслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жоғалтқаны туралы» шешімінің жобасын жолдаймыз:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018ж. 22 маусымдағы № 31/3-VI «Тіркелген салықтың мөлшері туралы» (Нормативтік құқықтық актыларды мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-191 нөмірмен тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 16 шілдеде 2018ж. жарияланған) шешімі.
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2019ж. 5 наурыздағы № 41/4-VI «Өскемен қалалық мәслихатының 2018ж. 22 маусымдағы № 31/3-VI «Тіркелген салықтың мөлшерілері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актыларды мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 нөмірмен тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019ж. 20 наурызда жарияланған) шешімі.
Өскемен қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы Қ. Қойшинов