Жарияланған күні: 18.11.2019 15:46
Өзгертілген күні: 18.11.2019 18:37

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, сізге  келесіні хабарлайды.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі)  «Тіркелген салық  мөлшерлемелері туралы» 17 тарауының  күші 01.01.2020 ж. дейін қолданылады.

Осыған байланысты сіздерге Өскемен қалалық мәслихатының «Маслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жоғалтқаны туралы» шешімінің жобасын жолдаймыз:

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018ж. 22 маусымдағы № 31/3-VI «Тіркелген салықтың мөлшері туралы» (Нормативтік құқықтық актыларды мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-191 нөмірмен тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 16 шілдеде  2018ж.  жарияланған) шешімі.

2. Өскемен қалалық мәслихатының 2019ж. 5 наурыздағы № 41/4-VI  «Өскемен қалалық мәслихатының 2018ж. 22 маусымдағы № 31/3-VI «Тіркелген салықтың мөлшерілері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актыларды мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5783 нөмірмен тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019ж. 20 наурызда  жарияланған) шешімі.

 

Өскемен қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының басшысы                                                             Қ. Қойшинов