Жарияланған күні: 10.07.2024 11:23
Өзгертілген күні: 10.07.2024 11:27

Сұрақ:  

Дара кәсіпкерлердің қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату тәртібін түсіндіріп беруіңізді сұраймын.

Жауап:

       Тегі Аты Әкесінің аты

           ЖСН 000000000000

           Мекен жайы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің «__»_____жылғы сауалыңыз бойынша, келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 25.12.2017 жылғы №120-VI Кодексінің (01.01.2024ж. өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі –Кодекс), 67 бабының 3 тармағына сәйкес, салық төлеушінің  қызметін тоқтату  туралы салықтық өтініші негізінде қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салықтық есептілігін;

3) осы Кодекстің 169-бабында айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Кодексінің 67 бабының 4 тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер таратудың салықтық есептілігінің алдында ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Салық органы салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.