- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 10.07.2024 11:18
Өзгертілген күні: 10.07.2024 11:22
Сұрақ
Қате төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару тәртібін түсіндіріп беруіңізді сұраймын.
Жауап:
Тегі Аты Әкесінің аты
ЖСН 000000000000
Мекен жайы:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
мемлекеттік бажды қайтарып алу туралы «__».___.жылғы №________ өтінішке қатысты келесіні хабарлайды.
25.12.2017ж. № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 108-бабына сәйкес (01.01.2024ж. өзгерістер мен толықтырулармен), салық органы мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және тиісті мемлекеттік органның қайтарудың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжатының негізінде жүргізеді.
Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды оның төленген жері бойынша салық органы қайтаруға арналған салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есепке жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан салық төлеушінің банктік шотына жүргізеді.
Осыған байланысты, мемлекеттік бажды қайтаруды жүргізу үшін салық төлеуші уәкілетті органның растайтын құжатын қоса бере отырып, оны төлеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына №15 белгіленген нысандағы салықтық өтінішті ұсынуы қажет.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар «е-Salyq Azamat», «салық төлеуші кабинеті» қосымшасы, сондай-ақ ЭЦҚ болған жағдайда электрондық үкімет порталы http://egov.kz арқылы да жолдауға болады.