Date of publication: 20.09.2019 15:31
Date of changing: 22.11.2019 14:33

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жекелеген мәселелер мен хронометраждық зерттеп-қараулар бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізудің нәтижелерімен танысудан бұрын, салықтық тексеру мәселелерінің негізгі кезеңдеріне тоқталғымыз келеді. Сонымен,

Салықтық тексеру – тек қана салық органымен жүргізілетін тексеру, оның барысында салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуы тексеріледі.

Салық кодексінің 140-бабы 2-тармағына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.

Салықтық тексеруге қатысушылар - салық органының лауазымды адамдары және нұсқамада көрсетілген салықтық тексеру жүргізуге салық органымен тартылған өзге де адамдар және нұсқамада көрсетілген тексерілетін адамдар-салық төлеушілер болып табылады. Сондай-ақ, салық органы арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін осындай арнайы білімі және дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын салықтық тексеруге тартуға құқылы.

Салықтық тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі. Нұсқама нысаны уәкілетті органмен бекітіледі және онда келесі мәліметтер болуы: нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі, салық органының толық атауы, салық төлеушінің толық атауы, сәйкестендіру нөмірі, тексерудің нысаны мен түрі, тексеретін тұлғалардың ТАӘ, салықтық тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін кезең қамтылуға тиіс. Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоюға тиіс.

Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру және хронометраждық зерттеп-қараулар түрінде жүзеге асырылады.

Салықтық тексерудің аяқталған күні салық төлеушіге салықтық тексеру актісін берген күн болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Респбликасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағы 3-тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіздер болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдарына жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көрсетілген салықтық міндеттемелерден жалтару туралы нақты деректер мен дәлелдер қажет.

Жекелеген  мәселелер (рейдтік тексерулер) мен хронометраждық зерттеп-қараулар бойынша жүргізілген тақырыптық тексерулер нәтижесіне көшейік.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен 2019 жылдың 1 жартыжылдығында жеке тұлғалардан келіп түскен жүгінімдер негізінде 107 тақырыптық (рейдтік) тексерулер жүргізілді. Келіп түскен шағымдардың негізгі үлес салмағы тауарлар, жұмыстарға (қызметтер)  қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналар чегін бермеуге қатысты болып отыр. Көрсетілген тексерулер қорытындылары бойынша бірінші рет бұзушылыққа жол берген салық төлеушілер ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылған. Әр тексеру барысында бақылау-кассалық машиналарды қолдану мен чектерді беру тәртібін сақтау бойынша салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған қарамастан, бір жыл ішінде қайтара осындай бұзушылыққа жол берген салық төлеушілер бар, оларға әкімшілік айыппұл салынған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 39 хронометраждық зерттеп-қараулар жүргізілді, оның барысында күн сайын әр өткізілетін тауардың (жұмыстар, қызметтер) құнын көрсете отырып, хронометражды-бақылау картасы жүргізлді.  Жүргізілетін хронометраждық зерттеп-қараулар барысында кірістің 3,5 млрд.теңге сомасына артқандығы және қосымша 11 жалдамалы жұмыскер анықталды.

Сондықтан, жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық кәсіпкерлік субъектілеріне өздерінің салықтық декларацияларында нақты кірістерді көрсетуді және тиісінше алынған кірістерден уақытында салықтарды төлеу қажеттілігі туралы хабарлайды.

Сіздердің салықтық төлемдеріңіз экономиканың, сондай-ақ біздің өлкенің ғана емес, бүкіл елдің дамуына қызмет ететіндігі естеріңізде болсын, толық қазына-мықты ел!

Салық заңнамасы нормаларын бұзу мәселесі бойынша барлық азаматтар Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне және орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер департаментінің WhatsApp 8-701-602-73-44 нөміріне жүгіне алады.