Date of publication: 13.05.2015 09:47
Date of changing: 21.10.2019 15:34

2015 жылы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» өзгерістер мен толықтыруларымен (әрі қарай -Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексіне кәсіби медиатор жана ұғымы енгізілген.

Осыдан, Салық кодексінің 12 бабының 1 тармағының 20-2 тармақшасына сәйкес, кәсіби медиатор - Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес кәсіби негізде қызметін жүзеге асыратын медиатор.

28.01.2011 жылғы №401-IV  «Медиация туралы» (03.07.2014 жылғы өзгерістер мен толықтырулар) Қазақстан Республикасының заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес  жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Салық кодексіндегі 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап 565-567 баптарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi, дауларды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейiн «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тек қана электрондық түрде табыс етілген, салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

Осыдан, 2015 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдарымен жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қоюға салық өтініштерін қағаз жүзінде қабылдамайды.

Салық кодексінің 565 бабының 4 тармағына сәйкес салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді, не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.

Салық органы, егер:

1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайларда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартады

Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді. Осындай өтінішті жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табыс етуге міндетті.

Салық органы жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды Салық кодекстің 42-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің қызметін тоқтату тәртібі кезінде, дара кәсіпкерден, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың қызметін тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордан салық органына талап етілмейді.

Салық кодексінің 42 бабының 9 тармағында  көрсетілгендей, салық міндеттемесі орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, яғни  құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

Салық төлеуші өзінің орналасқан жері бойынша салық органында өзінің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылғаны (шығарылудан бас тартылтылғаны) туралы жазбаша растау алуға құқылы