Date of publication: 30.05.2025 12:12
Date of changing: 30.05.2025 12:31

        «Келісілді»

ШҚО бойынша МКД басшысы

___________Бимагамбетов С.С.

«___»_____________2025 жыл

 

ШҚО бойынша МКД сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтама

 

Өскемен қаласы                                                                                                                                     «___» ____________2025 жыл

I. Кіріспе бөлім

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-ШҚО бойынша МКД) жұмыс тобы ШҚО бойынша МКД басшысының 2025 жылғы 14 наурыздағы №71 бұйрығының негізінде ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшілердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ШҚО бойынша МКД-да келесі бағытта жүргізілді:

ШҚО бойынша МКД-ның жұмыста пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімшілердің жұмысында пайдаланатын нормативтік-құқық актілерінде сыбайлас жемқорлыққа әке соғатын, дискрециялық өкілеттіктерді және нормаларды анықталады.

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 01 мамырдан бастап 2025 жылдың 01 мамырға дейін жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықты талдау Жұмыс тобымен жүргізіліп, тәуелсіз сарапшылар (мамандар) қатысқан жоқ.

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі бағытта жүргізілді:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

        II. Сипаттама бөлігі

1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауын жүргізгенде, ШҚО бойынша МКД және оның аймақтық бөлімшелерде персоналды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, соның ішінде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдарына және де басқа заңдарына сонымен қатар нормативтік-құқық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

2025 жылдың 01 мамырына сәйкес облыстың мемлекеттік кірістер органның жалпы саны 495 бөлігін құрайды (факті 464), соның ішінде Департамент саны 257 бөлік (факті 244), аймақтық мемлекеттік кірістер органның саны 238 бөлік (факті 220).

2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін облыстың мемлекеттік кірістер органның 92 адам ауысқан (Департамент 40 адам, аймақ 52 адам), соның ішінде мемлекеттік органның ішінде 19 адам, ауысу 65 адам (соның ішінде 19 адам басқа себептермен), басқа мемлекеттік органға ауысу жұмыстан шығарылған 08 адам.

2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін тәртіптік жауапкершілікке 107 лауазымды қызметкер тартылған.

2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар  жасалған жоқ.

2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

ШҚО бойынша МКД-ның және оның аймақтық бөлімшелердің мемлекеттік қызметін өту процесстерін анықтау кезінде (бос орындарға конкурстарды жариялау, тәртіптік жазаларды салу, кәсіптікті жоғарлау мен қайтадан даярлау, тәлімгерлік және т.б.) осы процесстер мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес екенін көрсетті.

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында персоналды басқару бағыты бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.

2 Мүдделер қақтығысын реттеу

Мемлекеттік қызметте әдепті бақылау сыбайлас жемқорлықты, әдеп бұзушылықтарды алдын-алу және мүдделер қақтығысын реттеу бойынша маңызды механизмін құрайды.   

Әдеп жөніндегі уәкіл институтын іске асыруы әсері осыған әкеліп, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен қызмет тәртібін одан әрі арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қосымша механизмін құрылуына себеп болды.

ШҚО бойынша МКД-да Әдеп жөніндегі уәкіл функциялары ШҚО бойынша МКД-ның басшысының орынбасарына тағайындалған.

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысын, 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін талдау барысында, ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен есеп мерзімінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережесіне (бұдан әрі-Ереже) сәйкес жұмыс жүргізілгенін анытқатлған.  Тоқсандық есептерді, жазылған өтініштерді талдау кезінде мүдделер қақтығысы  анықталған жоқ.

Ереженің 9 тармақшасының 4 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды

ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 ШҚО бойынша МКД-ның интернет-ресурсында көрсетілген жеке тұлғаларды, заң тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне және Ереженің 9 тармағы 3 тарауына сәйкес ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдауды жүргізеді.

ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін 11 жиналыс өткізіліп.

ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін мемлекеттік кірістер органның 68 қызметкерлерден сауалнама алынды.

Жүргізілген талдаудың нәтижесінде ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы ашық болып танылды.

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.

3 Мемлекеттік қызмет көрсетулер

ШҚО бойынша МКД-мен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін 638 338 мемлекеттік қызмет берілген, соның ішінде 458 626 жеке тұлғаларға, 179 712 заңды тұлғаларға. Мемлекеттік қызмет электронді түрде 634 179 немесе 99,3%, қағаз жүзінде 4 179 немесе 0,7%.

Талдау нәтижесінде қағаз жүзінде берілген мемлекеттік қызмет көрсетулер Қазақстан республикаының заңнамасына сәйкес деп танылды.

Мысалы, ШҚО бойынша МКД-мен мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірі – «алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны беру»

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек/көтерме саудада сату лицензияны алу үшін өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырады.

ШҚО бойынша МКД-мен 2024 жылдың 1 мамырдан бастап 2025 жылдың 1 мамырға дейін алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада сату бойынша 380 лицензия берілген және алкоголь өнімдерін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада сату бойынша 5 лицензия берілген.

Сонымен қатар, осы мерзімде берілген өтініштері сапалық талаптарына сәйкес емес бойынша себептемелі бас тарту болған жоқ.

Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша лицензиялар «Электронді үкімет» веб-порталында www.egov.kz e-license қосымшасында беріліп, лицензия беруші мен қызмет алушы арасында тікелей байланысы көзделмеген.

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында мемлекеттік қызмет көрсетулер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

1. Тәуекелдің сипаттамасы: Салық кодексінің 100 бабы 3 тармағына сәйкес заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер Салық кодекстің 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде тіркеу органға беріледі. Тіркеу органға заңды тұлғамен тарату өтінішін берген кезде, Унификацияланған орталық есеп шот ақпараттық жүйесінде  автоматты түрде мәліметтерді беру туралы сұраныс қойылады.

Сұраныспен жұмыс істеген кезде, қызметкер келесі себептермен бас тарту туралы қалыптастыру мүмкіншілігі бар: «тарату балансын бермеу», «қолданыстағы банк есеп-шоттарын жабу туралы банктен анықтаманы бермеу», «салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда немесе жоғалту және буліктену туралы түсінікті беру», «салық міндеттемелерді орындамау», «заңды тұлғаны тарату себебімен құжатамалық тексерісті аяқтамау немесе оны жүргізбеу», «Оңайлатылған түрде заңды тұлғаны тараткан кезде камералдық бақылау нәтижесінің негізінде қорытындысын жоқтығы».

Алайда, осы талап, яғни: заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезінде мәліметтерді беру Салық кодексінің 64 бабымен көзделмеген.

Сонымен қатар, жұмыс кезінде заңды тұлға бір-ретте қайта ұйымдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына және КЕАҚ өтініш берген. Бұл ретте КЕАҚ есептен алып тастау туралы хабарлама жіберген.

Содан соң, Ақпараттық жүйелерде, Салық кодексте мәліметтерді беру туралы көзделмегеніне байланысты, құжаттық тексеріс аяқталмағанымен, заңды тұлға қайта ұйымдастырылды.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Салық кождексінің 100 бабына  өзгерістер енгізіп, 3 тармағына: Салық кодексінің 64 бабының негізінде заңды тұлғаның таратқан кезде ақпараттық жүйелерге тиісті толықтырулар енгізілсін.

Аяқтау формасы: Салық кодексіне және ақпараттық жүйелерге тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-Комитет) 2025 жылдың 17 сәуірдегі № КГД-11-1-18/15412-МКК хатына сәйкес Комитетімен осы ұсыныс қабылданып отыр.

Осыған орай,  Салық кодексінің 100 бабына  өзгерістер енгізу Жаңа Салық кодексі щеңберінде көзделген.

2. Тәуекелдің сипаттамасы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрдің 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 бұйрығымен бекітілген есеп шоттарды жүргізу Қағидаларының 42, 43 тармақтарына сәйкес есеп жүргізу бөлімінің қызметкерімен салық міндеттемелерді, яғни: жанама салықтарды төлеу бойынша Есептеу (кеміту) тізілімін қолды түрде жүргізіледі.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Салықтөлеушілердің жолданған өтініштердің негізінде олардың міндеттемелерін көрсетіп, сонымен қатар, автоматты түрде есеп шоттарға таратуды қарастыру (есептеу (кеміту) тізілімін қолды түрде өзгертуге тыйым салу).

Аяқтау формасы: Есептеуге (кемітуге) енгізу тізілімін қолды түрде өзгертуге функциясын алып тастау.

Комитеттің 2025 жылдың 17 сәуірдегі № КГД-11-1-18/15412-МКК хатына сәйкес Комитетімен осы ұсыныс қабылданып отыр.     

Сонымен қатар, 2024 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына Комитетінде «есептеуге (төлемдерге) байланысты процестерді автоматтандыру жолымен қолмен жүргізілетін есептеулерді (азайтуларды) жүргізуді болдырмау» іс-шарасы енгізілді, оның ішінде сыртқы және ішкі ақпараттық жүйелермен ықпалдасу жолымен».

3. Тәуекелдің сипаттамасы: Салық кодексінің 71 бабына сәйкес салық органдары лауазымды адамдарының салықтық зерттеп-қарау өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Куәгерлер ретінде салық органдары лауазымды адамының және салық төлеушiнің (салық агентінің) әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем болмайтын кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар тартылуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және өзіне қатысты әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеушi (салық агенті) жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

Салықтық зерттеп-қарау жүргізген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін  куәгерлердің болмаған жағдайда, салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында фото және (немесе) бейне жазбаларды міндетті түрде қосуға. Лауазымды қызметкерлерімен куәгерлерді тандау міндеті сыбайлас жемқорлық тәуекелін болуына әкеліп соғады, себебі қатысқан тұлғалардың санатын бұзуы (мүдделі қызметкерлер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, салық төлеушінің құралтайшылары т.б.).

Тәуекелді жою бойынша ұсыныс: Салық кодексінің 70 бабы 3 тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады, онда, соның ішінде: тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы ақпарат көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін Салық кодексінің 70 бабы 3 тармағына өзгерістерді енгізіп, келесідей  көрсетілсін: салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады, онда, соның ішінде: тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы, сонымен қатар, салықтық зерттеп-қарау кезінде жүргізілген салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растайтын ақпарат -  фото және (немесе) бейне жазбалар.

Аяқтау формасы: Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізу.

Комитеттің 2025 жылдың 29 сәуірдегі № КГД-20-1-16/15714-МКК хатына сәйкес жаңа Салық кодексінің жобасында осы толықтыру көзделгенін хабарлайды.

Осылайша, жаңа Салық кодексі жобасының 175-бабының 4-тармағына сәйкес салықтық зерттеп-қарау актісіне фотографиялық суреттер мен негативтер, бейнежазбалар немесе іс-әрекет жасау кезінде орындалған басқа да материалдар қоса тіркелуі мүмкін.  Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында екенін қосымша хабарлаймыз.

6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

ШҚО бойынша МКД-ның жұмысында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 9. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (салықтар мен басқа төлемдерді жинау)

ШҚО бойынша МКД-ның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Қызметтік тергеп-тексеру

бөлімінің басшысы                                                                       Т. Бейсекенов

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу бойынша

үлгілік қағидаларына 2-қосымша

Бекітемін

ШҚО бойынша МКД басшысы

____________С.Бимагамбетов

«       » _____________2025ж.

 

Сыбайлас жемқорлық тәекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

 

п/п

Ұсынымдар

Іс-шара

Іс-шараның аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараның орындау мерзімі

1

 

Салық кодексінің 100 бабына  өзгерістер енгізу

 

Жаңа Салық кодексі щеңберінде көзделген

 

Салық кодексінің 100 бабына  өзгерістер енгізу Жаңа Салық кодексі щеңберінде көзделген

 

ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсетулер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы

2026-2027 жылдары

2

Ақпараттық жүйелерге өзгерістерді енгізу

«Есептеуге (төлемдерге) байланысты процестерді автоматтандыру жолымен қолмен жүргізілетін есептеулерді (азайтуларды) жүргізуді болдырмау» іс-шарасы енгізу кезінде, оның ішінде сыртқы және ішкі ақпараттық жүйелермен ықпалдасу жолымен»

Ақпараттық жүйелерге өзгерістерді енгізу

ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызмет көрсетулер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы

2026-2027 жылдары

3

Салық кодексіне өзгерістер енгізу

Жаңа Салық кодексі щеңберінде көзделген

Салық кодексіне өзгерістер енгізу

ҚР ҚМ МКК Әкімшілендіру департаменті ҚҚС әкімшілендіру басқармасы 

2026-2027 жылдары

 

ШҚО бойынша МКД АРБ ҚТБ басшысы                                                                                                   Т. Бейсекенов