Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінен, капитал және дүние-мүлік заңдастыру бойынша акция басталды. Ол 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі уақытта жүргізіледі. Заңдастыру рәсіміне кұжаттар 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 30 қарашасына дейінгі уақытта қабылданады.
Мүлікті заңдастыру рәсімі дегеніміз – ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелмеген, не тиісті емес тұлғаға тіркелген немесе кірістерді азайту мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығып қалған мүліктердің құқығын мемлекеттің мойындауы. Сонымен, акцияның негізгі мақсаты – заңдастырылған капитал түрінде экономиканы қосымша қаржыландыру. Бұл акцияға ҚР азаматтары, оралмандар және Қазақстанда уақытша тіркеуге тұрган азаматтар қатысуға құқылы. Тиісті заң жобалармен заңдастыруға жататын және жатпайтын негізгі ұғымдар қабылданған. Бұл акция Қазақстан аумағына кірмейтін мүліктерді де заңдастыруға рұқсат береді. Мұндай мүлік түріне Қазақстан Республикасының азаматтық құқығына сәйкес жылжымайтын мүліктер жатады.
Заңдастырылған қаржылар табыс болып танылмайды, сондықтан оларға салық жүктелмейді. Қаржылар, екінші есеп банкілеріндегі арнайы есепшоттар арқылы, айналымға түсуі тиіс. Заңдастастыру құралдарының қатары акцияның ерекшелігі болып табылады. Біріншіден, жыл сайын нарықтық құны бойынша сый ала отырып, қаржыны БВУ есепшоттарда үш жылға дейінгі мерзімде ұстауға болады. Екіншіден, екінші дәрежелі банктердің, халықтық басқармадағы холдингтер мен компаниялардың, дамыту институттарының, «Халық IPO» бағдарламаларының және тағы да басқа Қазақстанның қаржылық биржасында орналасқан мемлекеттік бағалы қағаздарды, акциялар мен облигацияларды сатып алу жолымен экономиканы қаржыландыра отырып, қаржыны мерзімінен бұрын қажет болған жағдайда қолдануға болады. Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екінші толқынындағы объектілерге ие бола алады. Егер азамат, қаржыны жоғарыда айтылған механизмдермен қолданғысы келмесе, онда ол жұмсайтын сомасынан 10% жиын төлей отырып, қаржыны өз қалауы бойынша жұмсай алады.
ШҚО Шемонаиха ауданы бойынша МКБ