Date of publication: 27.01.2017 12:40
Date of changing: 21.10.2019 15:36

 

ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің 2016 жылғы қызметі қорытындыланды

 

         Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде  2016 жылдың жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге міндеттер айқындалды.

         Экономикалық тергеу қызметінің негізгі мақсаты еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

         2016 жылы ЭТҚ қызметі  басты бағыттардағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, ашу бойынша жұмыстарды жүргізе отырып Қазақстанның әлемдегі ең дамыған мықты елдердің қатарына ену бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталды. Осы шараларды жүзеге асыру үшін жалған кәсіпкерлік, салықтан жалтару, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, сонымен қатар заңсыз ойын бизнесі мен алкоголь өнімдерінің көлеңкелі айналымымен күрес саласындағы фактілерді ашу мен алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

2016 жылдың 12 айында  339 экономикалық қылмыс анықталып, оның 163-і бойынша өндіріс аяқталды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша шығынның анықталған сомасы 3,9  млрд.теңгені құраса, оның ішінде 1,2 млрд. теңгенің шығыны қайтарылып, 410,8 млн. теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

Бюджеттік салада 75 заң бұзушылық ашылды, оның 19 қылмыстық ісі мемлекеттік сатып алу саласында болса, 56 - сы экономиканың квазимемлекеттік секторына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша тіркелген.

Мәселен, 2012-2015 жылдар аралығында  «Жұмыспен қамту 2020», «Кәсіпкер» және «Инновациялық жобалар» мемлекеттік бағдарламалары бойынша 300 миллион теңгеден артық бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сонымен қатар сот үкімімен «Ютрон» фирмасының құрылтайшысы «Зырян қаласының аудандық қазандығында екі турбогенераторды орнату» бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім шарт бойынша бөлінген 855 миллион теңгені ұрлағаны үшін  мал мүлкін тәркілеумен  5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Жалған кәсіпкерлікпен күрес саласында 94 қылмыс тіркеліп, сотқа 56 қылмыстық іс жолданды.

Экономикалық тергеу қызметі заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын заңдастыру және ақшаны қолма қол ақшаға айналдырудың алдын алуға басты назар аударды.

Жыл басынан бастап жалған кәсіпорындардың екінші деңгейлі банктерде 34,9 млн.теңге сомасында ақша қаражаттарын қолма қол ақшаға айналдыру  барысында 5 топ ұсталды. 

         Алкогольді өнімдердің заңсыз айналымымен күрес саласында тиісті жұмыс жүргізілді.

Алкогольдік өнімнің көлеңкелі айналымының негізгі бөлігін спирттік өнімдерді заңсыз сақтау және өткізу саласында кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу фактілері құраған. Ағымдағы жылдың басынан бастап аталған салада 11 қылмыс тіркеліп, заңсыз айналымнан 28 мың литр спирт және 210 мың шөлмек арақ-шарап өнімдері, сонымен қатар 212 мың жалған есептік бақылау маркалары алынды.

            Мәселен, Семей қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында спирттік өнімдерді дайындау бойынша астыртын цех ашылды. Цехты қарау барысында қолдан жасалған 40 литр арақ, 22 бөшке 2200 тонна спирт, 83 бөтелке 5 литрлік спирт, «Қазақстан», «Түркістан» коньяктарының жапсырмалары бар құюға дайындалған бос бөтелкелер, қақпақтар, бос бөшкелер, 1 миллион 314 мың теңге ақша қаражаты алынды.

         ШҚО аумағында «Ойын бизнесі туралы» заңның сақталуын тексеру бойынша ауқымды іс шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 10 заңсыз ойынхананың жолы кесіліп, 49 лотерея терминалы, 2 ойын автоматы, 33 компьютер алынды. Сотқа 6 қылмыстық іс жолданып, 4 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

         Семей қаласында азамат П.Тань ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар Семей қаласында интернет-салон, интернет-кафе түрінде «Di-Pay» төлем жүйесінің электронды терминалдарымен (интернет ғаламтор жүйесіне қосылған) онлайн-казино желісін құрған, ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз онлайн-казино қызметі кезеңінде 40 миллион теңгеден астам табыс алынған.

         Сот үкімімен топтың мүшелері 6 жылға, топ басшысы 7 жылға бас бостандығынан айрылды. 

         Мәселен, ШҚО Семей қаласы сотының үкімімен азамат Жұмажанов мал мүлкін тәркілеумен 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды. Ол  «Ойын бизнесі туралы» ҚР заңын бұза отырып тиісті лицензиясыз және жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз Семей қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.

Сонымен бірге, экономикалық қылмыстарды жасаудың  себептері мен салдарын жою туралы мемлекеттік органдар мен мекемелерге ұсыныстар енгізу арқылы алдын алу шаралары қабылдануда. Осы мақсатта мемлекеттік және басқа органдарға 120 ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы Шығыс Қазақстан облысы МКД Экономикалық тергеу қызметіне 24-06-05 сенім телефонына немесе Өскемен қаласы, Новаторлар көшесі 7/2 мекен жайына хабарлауға болатынын еске саламыз. 

 

                                                                                              ШҚО бойынша МКД ЭТҚ