Date of publication: 27.01.2017 12:14
Date of changing: 21.10.2019 15:36

 

Ең үздік жедел қызметкер

       Көлеңкелі экономикаға қарсы тұру басқармасының бас маманы-аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Ерік Қадесұлы Нұралдинов ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған «Үздік жедел қызметкер» номинациясында жеңімпаз атанды. 

          Е.Нұралдинов 2004 жылдан бастап құқық қорғау органдарында қызмет атқарады. Қызмет атқару кезеңінде өзін бастамашыл, мақсатына жете білетін білімді қызметкер ретінде көрсете білді. Бірқатар экономикалық қылмыстарды ашты, олардың ішінде  бюджет қаражатын ұрлау, есепке алынбаған алкоголь өнімдерін дайындау мен өткізу, заңсыз ойын бизнесі, жалған ақша жасау және тағы басқа қылмыстар.

         Тек 2016 жылы ғана Е.Нұралдиновтың жедел материалдары бойынша жалған тұлғаларға заңсыз несие ресімдеумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Аталған фактілер бойынша 30 артық алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу, қылмыстық жолмен ашылған мүлікті заңдастыру фактілері ашылды.

         Жедел іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің 2012 жылғы сәуір мен 2015 жылғы маусым аралығында «Ертіс» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы арқылы  «Еңбекпен қамту 2020», «Кәсіпкер», «Инновациялық жобалар» сияқты мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақша қаражаттарын ұрлағаны анықталды.

2014 жылғы 12 қарашада ШҚО шаруа қожалықтарының бірі мен «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ ет алу үшін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту туралы жобаны жүзеге асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісім шартқа отырады.

Аталған инвестициялық жобаның шеңберінде шаруа қожалығына 244 бас асыл тұқымды жылқы  мен ірі қара малды сатып алу үшін 149 миллион теңге бөлінеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз 149 миллион теңгені ұрлап алған. 

Сонымен қатар 2014-2015 ж.ж. аралығында қылмыстық топтың мүшелері «Кәсіпкер», «Еңбекпен қамту 2020» бағдарламалары бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚ филиалы арқылы жалған тұлғаларға 114 миллион теңге несие ресімдеген.

Бұдан басқа асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 27 миллион теңгенің мемлекеттік  субсидиясын алған.

Айыпталушылардың қылмыстық іс әрекетімен мемлекетке 290 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Шығынды қайтарып алу мақсатымен ұйымдасқан топтың мүшелерінің мүлкіне 176 миллион теңге көлемінде тоқтам салынып, қылмыстық істер сотқа жолданды.

Ерік бұл тек оның ғана емес, Қазақстанның экономикалық мүддесін қорғау бойынша күнделікті аянбай қызмет ететін бүкіл ұжымның еңбегін бағалау болып табылады деп санайды.

Біз әріптесімізді оның  қолы жеткен жетістіктерімен құттықтап, бұдан ары да жұмысына табыс тілейміз.

 

ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі