
2023 жылғы 30 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілердің, консалтингтік компаниялармен, блогерлермен, БАҚ-тың қатысуымен салық, кеден заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша «семинар-кеңес» форматында офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.
Семинарға 100-ден астам салық төлеуші қатысты.
Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша басшисының орынбасырының м.а Асхат Жибитаев ашты, аяқ киімдерді таңбалау тәртібі мен аяқ киім өнімдерін айналымға енгізу ережелеріне, аяқ киім тауарларының МПТ АЖ-да айналымға қатысушыларды қалай тіркеуіңе тоқталды.
Әрі қарай Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова іс-шараға қатысушыларды басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңінің басталуына қатысты ақпаратпен хабардар етті. Сонымен қатар, спикер салық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне, толтыру ережелеріне тоқталып өтті.
Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығының басшысы Гүлмира Сабралимова бөлшек сауда салығы, бірыңғай төлем, бірыңғай әлеуметтік саясат, электронды сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба бойынша арнайы салық режимін, сауда платформалары және цифрлық инновациялар қолдану туралы айтты.
Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Аида Оразай салық есептілігін беруді тоқтата тұру (ұзарту, жаңарту) ерекшеліктерімен таныстырды.
Сөз соңында салық төлеушілер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндірме үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға жауап берілді.
Салық төлеушілерге әмбебап декларация және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық инновациялары туралы буклеттер ұсынылды. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс жасау әдістерінің тиімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында сауалнама арқылы кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.