
Бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушісі (БЖТ) болып табылмайтын тұлғалар:
- коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
- тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
- жеке практикамен айналысатын адамдар;
- қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
- дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар;
- мынадай қызмет түрлерін:
- консультациялық және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
- бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
- сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
- құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
- цифрлық майнингті жүзеге асыру және (немесе) цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
- агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін адамдар.