Жарияланған күні: 08.06.2023 09:14
Өзгертілген күні: 08.06.2023 09:38

Бірыңғай жиынтық төлемнің төлеушісі (БЖТ) болып табылмайтын тұлғалар:

  • коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
  • тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  •  қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
  •  дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар;
  •  мынадай қызмет түрлерін:
  •  консультациялық және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
  •  бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
  •  сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
  •  құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
  • цифрлық майнингті жүзеге асыру және (немесе) цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
  •  агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін адамдар.