Мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаевпен баяндалған ұлттық жоспардың 5 институционалды реформасы, нәтижелі және табысты мемлекетті тұрғызу бойынша айқын және нақты іс-қимылдарды анықтайды, ол өз кезегінде айрықша бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруге мүмкіндік береді.
Біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып – сапалы мемлекеттік қызмет көрсететін және экономикалық бағдарламаларды іске асыратын заманауи, кәсіпқой және автономды мемлекеттік аппаратты құрудан көрініс табатын алғашқы реморманы орындау болып табылады. Ол ең әуелі, кәсіпқой әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер корпусын құрастыруды, кадрлық әлеуетті күшейтуді бағамдайды.
Кәсіпқой, заманауи және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында, тұңғыш институционалды реформа шеңберінде мемлекет басшысымен 2015 жылы 23 қарашада мемлекеттік аппараттың кәсіпқойлылығын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Негізгі заң мемлекеттік қызметке кірудің және өтудің мансаптық, сондай-ақ біліктілік және конкурстық тәсілдеме қағидаларына негізделген.
Төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін конкурс, орталық атқарушы органда не оның ведомстваларына уәкілетті органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствасының бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өткізіледі.
Ішкі конкурс төменгі мемлекеттік лауазым болып табылмайтын, ол мемлекеттік қызмет қызметкерлерінің арасында өткізіледі.
Мансаптық көтерілу конкурстық негізде ғана жүзеге асады.
Алғаш мемлекеттік қызметке қабылданғандар 3 кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтеді.
Бірінші кезең – заңнамаға қатысты хабардарлықтықтарын және біліктіліктерін тестілеу. Екінші кезең – үміткердің жеке қасиеттерін тексеру, мемлекеттік қызмет құндылықтарына – этикаға сәйкестігін, нәтижелілігін және коррупцияға төзбеушілігіне қатысты бейімділігін анықтау. Үшінші кезең – сұхбатасу жолымен, үміткердің бейінді білімін және іскерлігін бағалау. Құқыққорғау органдары қызметіне үміткерлер уәкілетті органда жеке қасиеттерді бағалауды қоса қосатын, тестілеуден өтуі жаңалық болып табылады. Конкурсттан сәтті өткендерге тәлімгер бекіті отырып, үш айлық уақытқа сынақ мерзімі тағайындалады. Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, сынақ мерзімінң ұзақтығы қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады. «Б» корпусының әкмішілік мемлекеттік қызметкерін сынақ мерзімінің нәтижелері бойынша қызметтен шығару, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша жүзеге асады.
Осылайша, жаңа заң қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген сенімге, дамыған жоғары жауапкершілік сезімі бар, мемлекеттік аппаратты кәсіпқой және мақсатты кадрлармен қамтамасыз ететін, мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеудің жаңа тәсілдемелерін бекітеді, ол әрине мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігіне әсер етеді.
ШҚО бойынша МКД
Заң басқармасының
Бас маманы
Ермек Муратбекович Нурмухамет