Жарияланған күні: 09.02.2023 09:25
Өзгертілген күні: 09.02.2023 12:52

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  2023 жылғы 8 ақпанда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар өткізді.

Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу жөніндегі алдағы іс-шаралармен таныстырды, мерзімдерін белгіледі және 250.00 нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру және ұсыну қалай жүзеге асырылатындығын айтып өтті.

Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Азамат Жақиянов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заң аясында түсініктеме берді.

Адам ресурстары басқармасының бас маманы Биғазынов Санат Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік атмосферасын құру мақсатында ЖОО студенттері арасында "Салық және кеден заңнамасы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәселелерді білуді қалыптастыру " тақырыбында үздік сұхбатты айқындау бойынша конкурс өткізетінін хабарлады.  

Кездесу барысында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қойылған тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді қарады.

 

 

                                                                 Түсіндіру жұмыс басқармасы