Жарияланған күні: 09.04.2015 12:38
Өзгертілген күні: 12.10.2018 11:53

Өскемен қаласы маслихатының «Тіркелген салықтың мөлшері туралы», шешімінің жобасына

түсніктеме хат

 

Өскемен қаласы маслихатының шешімі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 246 бабы 3 тармағына сәйкес және 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасы жаңа Салық кодексінде тармақтардың реттік саны ғана өзгерген. Тіркелген салық бөлігі бойынша өзгерістер енгізілмеуіне байланысты, атап айтқанда «Негізгі ұғымдар», «Төлеушілер», «Тіркелген салық бойынша салық салу объектілері», және «Салық кезеңі» өзгеріссіз қалды,.

                 Қолданысқа енген жаңа Салық кодексіне сәйкес тіркелген салықтың  салық объектілері болып мыналар танылады:

        1)   бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматтары;

        2) бірнеше ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматтары;

        3)   ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлер;

        4)   ойын жолы (болулинг, кегельбан);

        5)   картты;

        6)   бильярд үстелдері;

         7)  өкілетті ұйымның айырбастау пункті;

       

        Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

         Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

         Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25–інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелеген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

           Салық органдарында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеуге тұру үшін жоғарыдағы салық төлеушілер өз қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны салық органдарына қызметін бастаудан 3 жұмыс күн бұрын тапсыруы керек.

Өскемен  қалалық мәслихатының  22 маусым  2018 жылғы №31/3-VI «Тіркелген салықтың мөлшері туралы» шешімімен  (Нормативті құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізбегіндегі №5-1-191,Қазақстан Республикасының  нормативтік-құқықтық актілерді тіркеуді эталонды бақылау банкінде электронды түрде 16  шілде 2018 жылы тіркелген) Өскемен қаласы  аумағында 1 дана  бильярд столына – 16,7 айлық есептік корсеткіш мөлшері белгіленген. 

 Ағымдағы жылда салық кодексінің 147 бабын негізгі ала отырып қала аумағындағы ірі  ойын-сауық ұйымдастыру кешендерінің табысы және шығынын анықтау мақсатында 3 бильярд клубтарына хронометражды бақылау жүргізілді.

Бақылау қорытындысында келесі мәлеметтер анықталды:

Дербес кәсіпкер Каньшина  Лидия  Валерьевна  ЖСН  891209400722, кәсіпкер ретінде Өскемен қаласы Қабанбай батыр көшесі 41/2 мекенжайында тіркелген. Хронометражды бақылау қорытындысында кәсіпкердің  айлық табысы 320 826 тенгені құрайды. Шығындар:ғимаратты жалға алу – 10 000 тенге.Жұмысшылардың жалақысы 60 000 тенге. Салық төлеу үшін табыс  мөлшері (320826 – 10000-60000)  - 250 826 тенге.

Ағымдағы жылда 1 дана бильярд үстеліне  айына  «Тіркелген салықтың мөлшері», 16,7 айлық есептік  көрсеткіш . Сәйкесінше салық салу объектілерінің саны 6 (6 дана бильярд үстелі) болғандықтан  айына 240 981 тенге (16,7*2405*6) салық төленеді.Салық жүктеме коэффициенті 75%. 

Дербес кәсіпкер Шмурыгин Антон Викторович  ЖСН  860205300825, кәсіпкер ретінде Өскемен қаласы Протозанова  көшесі 17  мекенжайында тіркелген. Хронометражды бақылау қорытындысында кәсіпкердің  айлық табысы 785 235 тенгені құрайды. Шығындар:ғимаратты жалға алу – 150 000 тенге.Жұмысшылардың жалақысы 80 000  тенге. Салық төлеу үшін табыс  мөлшері (785235 – 150000-80000)  - 585 235 тенге.

Ағымдағы жылда 1 дана бильярд үстеліне  айына  «Тіркелген салықтың мөлшері», 16,7 айлық есептік  көрсеткіш . Сәйкесінше салық салу объектілерінің саны 10 (10 дана бильярд үстелі) болғандықтан  айына 401635 тенге (16,7*2405*10) салық төленеді.Салық жүктеме коэффициенті 68%. 

Дербес кәсіпкер Паруева Ольга  Николаевна  ЖСН  621004401315, кәсіпкер ретінде Өскемен қаласы Орджиникидзе  көшесі 46  мекенжайында тіркелген. Хронометражды бақылау қорытындысында кәсіпкердің  айлық табысы 538 020  тенгені құрайды. Шығындар:Жұмысшылардың жалақысы 60 000  тенге. Салық төлеу үшін табыс  мөлшері (538020- 60 000)  - 478 020  тенге.

Ағымдағы жылда 1 дана бильярд үстеліне  айына  «Тіркелген салықтың мөлшері», 16,7 айлық есептік  көрсеткіш . Сәйкесінше салық салу объектілерінің саны 6 (6 дана бильярд үстелі) болғандықтан  айына 240 981  тенге (16,7*2405*6) салық төленеді.Салық жүктеме коэффициенті 50%. 

          Хронометражды бақылау қорытындысына сәйкес салық жүктеме коэффициенті  айлық табыс мөлшерінің  дербес кәсіпкер  Каньшина  Лидия  Валерьевнада  75 %, дербес кәсіпкер  Шмурыгин Антон Викторовичте 65% , дербес кәсіпкер  Паруева Ольга  Николаевнада  50 % - ын  құрайды.

          Жөғарыда көрсетілген мәліметтерді негізге ала отырып «ойын-сауық ұйымдастыру» экономикалық тарауы бойынша (бильярд үстелдері) Өскемен қаласы аумағында «тіркелген салық мөлшерін»  1 (бильярд үстелі) нысанға 8 айлық есептік  көрсеткіш төлеуі орынды деп есептейміз.

 

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының басшысы                                                  К. Койшинов

 

Өсқемен қалалык маслихатының шешімінің жобасы

 

 

Өскемен қаласы                                                               «___» ______    2018 жыл

 

Өскемен  қалалық мәслихатының

22 шілде 2018 жылғы №31/3-VI

«Тіркелген салықтың мөлшері туралы»

шешіміне озгеріс еңгізу

 

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  546 бабы 3 тармағына сәйкес және 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6 бабына сәйкес, Өскемен қаласының маслихаты ШЕШТІ:

1. Өскемен  қалалық мәслихатының  22 маусым  2018 жылғы №31/3-VI «Тіркелген салықтың мөлшері туралы» шешіміне (Нормативті құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізбегіндегі №5-1-191,Қазақстан Республикасының  нормативтік-құқықтық актілерді тіркеуді эталонды бақылау банкінде электронды түрде 16  шілде 2018 жылы тіркелген) келесідей озгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің қосымшасына  жаңа басылым еңгізіліп келесідей  қосымша қабылдансын:

 

Салық салу объектісініңатауы

Тіркелген салықтың мөлшері (в АЕК)

Бильярд  үстелі

8

 

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен соң, қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық маслихат

сессиясының төрағасы                                                                      М.Кикина

 

Қалалық маслихат

хатшысы                                                                                                    А. Светаш

 

Өскемен қаласы

Мемлекеттік кірістер

Басқармасының басшысы                                                               К. Койшинов

 

Өскемен қалалық мәслихатының  ___  2018 жылғы №  шешіміне  Қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының 22 маусым 2018 жылғы №31/3-VI  шешіміне  Қосымша

 

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың мөлшері

 

Салық салу объектісініңатауы

Тіркелген салықтың мөлшері (в АЕК)

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1,7

Ойын жолы

22,5

Карт

2,1

Бильярд  үстелі

8

Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті

12