Жарияланған күні: 08.04.2015 11:36
Өзгертілген күні: 08.11.2018 10:24

Тұрғындардың назарыңа! Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салықты төлеу мерзімі таяп қалды!

«Жеке тұлғалармен көлік құралдарына салықты төлеу тәртібі, мерзімдері және салық міндеттемелерін орындамағанда қолданылатын шаралар туралы»

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, тұрғындардың назарына, 2018 жыл үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салықты төлеу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталатының мәлім етеді.

Меншік құқығында Қазақстан Республикасында тiркелген  және есепте тұрған көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік құралдарының салық төлеушілері болып табылады.

Автокөлік үшін салық сомасы қозғалтқышының көлемі, жүк көтергiштiгі, отыратын орындардың саны, қозғалтқышының қуатына байланысты  айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген ставкалар бойынша есептелінеді.

Салық төлеушi ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің  492 бабына сәйкес, салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.

Осымен бірге, есептелінген соманы төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда жеке тұлғаның дербес шотында салықтық берешек пайда болатының мәлім етеміз. Оны өндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарымен бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Осылайша, салық төлеушіге жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етіледі, хабарламаны ерікті түрде орындау - отыз жұмыс күні өткен соң, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді. Жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.

Сонымен қатар, салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттеме заңмен белгіленген мерзімде орындалмаса, жеке тұлғаға салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін өсімпұл есепке  жазылады.

Тәжірибе жүзінде көлік құралының иесі басқа біргеуге сатып жіберген немесе бөлшектеп сатқан автокөлігі бойынша берешек жөнінде жүгінеді. Назарларыңызды аударамыз, көлік құралы тіркеу есебінен алынғанша немесе басқа тұлғаға рәсімделгенше салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемені  көлік құралы  тіркелген  иесі орындайды.    

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, егер борышкер белгіленген мерзімде орынды себептерсіз атқару құжаттарында қамтылған талаптарды орындамаса, сот орындаушысы ҚР кетуіне уақытша шектеу туралы шешім қабылдауға құқылы, ал өндіріп алушының арызы бойынша қаулы шығаруға міндетті.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында кейбір заңнамалық өзгертулер қабылданды, бұл атқарушы органдарға әкімшілік, азаматтық айыппұлдар мен қарыздар, басқа да төлемдер бойынша қарызы бар тұлғаларды елден шығаруды болдырмауға өкілеттік береді.

Осылайша, атқарушы орган қызметіне кірісетін атқарушы құжат болған жағдайда, шығыс шектелген адамдар тізілімінде борышкердің атауын енгізеді. Бұл тізімге бюджетке берешегі бар борышкерлер де енгізіледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, Салық кодексінің 24 бабына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.

Халықтың негізгі бөлігі күнделікті өмірде банктік карталарды белсенді пайдаланатының есепке ала отырып, сатып алу, аудару, несие карталарын жасау, жалақы алу және т.б., банктік шоттар мен карточкалар ашудың өзектілігі жоғары және жұмысқа қабылдау кезінде  де, қаржы операцияларымен байланысты жекелеген әрекеттерді орындаған кезде де қажетті талаптар болып табылады.

Осыған байланысты, өсімпұлдың есептелуін алдын-алу, қаржылық ұйымдарға жүгінгенде келеңсіз жайттарды болдырмау және жоғарыда мазмұндалған процедураларды қолданбау үшін салықтық міндеттеме болған кезде ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына  дейін көлік құралдарына салықты уақтылы төлеуге тұрғындарды шақырамыз.

Төлемдерді «Казпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және, банкоматтар арқылы жүргізуге болады.

Ыңғайлылық үшін 2018 жылдың 1 тамызынан бастап, еGov.kz порталында барлық салықтарды және бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді авторизация жасамай және ЭСҚ қол қоймау мүмкіндігінсіз ақ салықтарды төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.

eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі күнде порталда 18 түрлі салықтар бойынша төлеу мүмкіндігі бар: корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар; жер салығы; ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; қосылған құн салығы; акциздер; арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы; экспортқа салынатын рента салығы; ойын бизнесіне салық; тіркелген салық; алымдар; төлемдер; кедендік төлемдер; басқа төлемдер және баждар.