Жарияланған күні: 25.03.2016 13:20
Өзгертілген күні: 07.02.2020 12:25

 

Эксаумақтық ұстаным бойынша көрсетілетін Мемлекеттік қызметтердің тізімі


Инфографика « Электронды үкімет порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ-мы арқылы алу мүмкіндігі бар Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтері»


«Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеп ал да, мәселеңді шеш 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықтың алған қызметінің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау және шағым жасау бойынша «Digital Agent» (Цифрлық агент) мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. 

Кез келген қызмет алушы смартфонындағы «Play Market» немесе «AppStore» арқылы «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеп, тіркеуден өткенсоң, 5 балдық жүйе бойынша көрсетілетін қызметтің сапасын бағалай алады. Сонымен қатар, қызмет алушыларға фото, видеоматериалдар (үлкен кезек, қызметкердің дөрекі іс-қимылы және т.б.) жүктеп, өз ойларын қалдыруға мүмкіндік бар. 

Келіп түскен барлық шағымдар мен ұсыныстар кері байланыс форматында өңделіп, қысқа мерзімде жауапты тұлғалар мәселені шешуге ықпал етеді.


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Құрметті салық төлеушілер!

 

        Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, мәлімет үшін Сіздерге келесіні хабарлайды:

          Көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлату мақсатында, Қазақстан Республикасының аумақтарында 2018 жылғы 1 қазаннан бастап мемлекеттік кірістер органдарының «эксаумақтық» ұстаным бойынша қызмет көрсету, немесе  қызмет алушыларға тіркелу орнына қарамастан қызметтерді кез келген мемлекеттік кірістер органында алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

           Осы ұстану, мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін  келесі қызметтерді алу мүмкіндігін береді: 

Р/н№

Мемлекеттік қызметтін атауы

01

Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi

02

Салық төлеушілерді тіркеу

03

Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру

04

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың

05

Қазақстан Республикасының резинденттігін растау

06

Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)

07

Салықтық есептілікті қабылдау

08

Салықтық есептілікті керi қайтарып алу

09

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

10

Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару

11

Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту

12

Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру

 


ШҚО бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің  Басқармалары және Кеден бекеттерімен көрсетілетің мемлекеттік  қызметтердің тізімі 

 


 

Баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарымен баламалы түрде көрсетілетін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының Мемлекеттік қызметтер тізімі 

 


Құрметті салық төлеушілер!

 

           Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, азаматтарға  мәлімет үшін келесіні хабарлайды:

           Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, Өскемен және Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының (бұдан әрі -МКБ) қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар көрсетілген МКБ-ның жергілікті салықтар  (жер, мүлік, көлік салығы) бойынша жеке тұлғаларға қызмет көрсететін қызметкерлерге  жаңа жұмыс ережесі енгізілді: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұма бойынша сағат 9:00 ден 20:00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз.

            Қызмет көрсетулер келесі мекен жайларда жүзеге асырылады: 

            Өскемен қаласы бойынша МКБ-сыТәуелсіздік  даңғылы 86:

«Ақпараттарды қабылдау және беру орталығы» -3 қабат;

«Жеке тұлғалармен жұмыс бөлімі» - 4 қабат.

            Семей қаласы бойынша МКБ-сы, Абай алаңы, 3 :

«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» - Орталық ғимаратының 2 қабаты;

«Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін әкімшілендіру бөлімі» - Орталық ғимаратының 1 қабаты, № 1 кабинет.


Құрметті салық төлеушілер!

 

        Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, мәлімет үшін Сіздерге келесіні хабарлайды:

          Көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлату мақсатында, Қазақстан Республикасының аумақтарында 2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 сәуір мерзіміне дейін мемлекеттік кірістер органдарының «эксаумақтық» ұстаным бойынша қызмет көрсету, немесе  қызмет алушыларға тіркелу орнына қарамастан қызметтерді кез келген мемлекеттік кірістер органында алу пилоттық жобасы қолданылады.

           Осы жоба, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен көрсетілетін  келесі қызметтерді алу мүмкіндігін береді: 

  1. Дара кәсіпкерді тіркеу есебі;
  2. Салық төлеушілерді тіркеу;
  3. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі;
  4. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру;
  5. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру;
  6. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
  7. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын түсіндіру;
  8. Салық есептілігін қабылдау;
  9. Салық есептілігін керi қайтарып алу;
  10.  Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
  11. Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару;

 

         Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер Департаменттерімен көрсетілетін  келесі қызметтерді алу:

  1. Қазақстан Республикасының резинденттігін растау;
  2. Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту.
  3.  

Баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін мемлекеттік кірістер органдарының

мемлекеттік қызметі

 

Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдарымен 48 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, соның ішінде 29-ы салық, 19-ы кеден бағыты бойынша көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 24 қарашасында №1012 қаулысымен бекітілген, 2014-2015жылдарға Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды жүзеге асыру бойынша Жол картасына сәйкес,  мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) баламалы негізде кезең-кезеңімен беру жүргізілуде.

Бірінші кезеңде 2014 жылы Мемлекеттік корпорацияға 7 қызмет түрі берілсе,   2015 жылдың мамырынан бастап, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық бөлімшелерінен шығатын тағы 14 қызмет түрі беріліп, бүгінгі күні қызмет алушылар 21 салық бағытындағы қызмет түрлерін Халыққа қызмет ету орталықтарынан ала алады.  Бұл: салықтық берешектің жоқтығы (барлығы), алкоголь өнімдері, этил спирті, темекі өнімдеріне лицензия беру, алкоголь өнімдерін сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату лицензиясын беру, ресми құжаттарға апостиль қою, салық есептілігін қабылдау, айыпұлдар, өсімпұлдар, бюджетке төленетін басқа да төлемдер мен салықтардың төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу, салық есептілігін кері қайтарып алу, мұнай өнімдерінің жекелеген өндірушілеріне (импорттаушылар) дербес сәйкестендіру нөмірлерін беру  т.б. сияқты қызмет түрлері.

Сонымен бірге, қазіргі кезде Мемлекеттік корпорация филиалдарында  кеден бағытындағы «Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау», «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау», «Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту», «Жекеменшік тауарларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу», «Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру» сияқты қызмет түрлерін ала алады. Бұрындары осындай қызмет түрлерін қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарынан ғана ала алатын болған. Ал қазір, Мемлекеттік корпорация және мемлекеттік органмен баламалы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорация филиалдарына баламалы негізде мемлекеттік қызмет түрлерін кезең-кезеңімен беру нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген (12.10.2017ж. №637 ҚР ҮҚ енгізілген өзгерістер және қосымшалармен) Мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарының 27 қызмет түрі Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Кейінірек Мемлекеттік корпорацияға қызметтерді баламасыз негізде беру жоспарлануда, бұл мемлекеттік кірістер органдарын қызмет алушылармен тікелей байланысын болдырмайды, сыбайлас жемқорлық қауіпін төмендетеді, сонымен бірге қызмет алушылар үшін ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызмет түрлерін алуға бизнес пен қалың бұқара топтарын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай туғызуға көп көңіл бөлуде.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 


Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

       Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:

Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кедендік бағыттағы 4 қызметі  баламалы түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Өскемен қаласындағы филиалдары арқылы көрсетіледі. Олар:

-         Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауарлар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау;

-         Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау;

-         Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру;

Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту.


                 

Салық төлеушілердің назарына

  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы  25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы хабарлайды (2016 жылғы 14 желтоқсанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды).

Бұйрықпен келесі салық есептілігі нысандарына және оларды жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- 531.00 нысаны, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі;

- 100.00, 110.00. 230.00, 240.00, 300.00, 300.00, 870.00 нысандары, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

- 200.00, 910.00, 911.00, 920.00 нысандары, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін салық есептілігін қоспағанда, салық төлеушілер үшін Салық төлеуші кабинетінде, СЕӨЖ және мемлекеттік кірістер органның кызметкерлеріне СЕӨЖ-де 2017 жылға арналған салық есептілігінің көрсетілген нысандарының жаңа үлгілері 2016 жылдың 25 желтоқсанда қолжетімді болады.

Бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен толығымен танысу үшін Бұйрыққа салыстырмалы кесте және 2017 жылғы салық есептілігінің өзгерістер/толықтырулар реестрі қоса ұсынылады.

Қосымша: Бұйрық орыс және мемлекеттік тілдерінде, Бұйрыққа салыстырмалы кесте және 2017 жылғы салық есептілігінің өзгерістер/толықтырулар реестрі.


Салық есептілігін электронды түрде ұсынудың 

мүмкіндіктері мен артықшылықтары

Салық есептілігін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электронды түрде тапсыру жүйесі мемлекеттік кірістер органдарымен ұсынылған және салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасында сенімді екі жақты ақпаратпен алмасуды қамтатамыз ете отырып, олардың өзара қарым-қатынасында сапалы жаңа сатыны ашты. 

Салық есептілігін электронды түрде ұсыну жағдайында «Уақыт –ақша» нақыш сөзі 100 пайызға расталады. Оған қоса, бизнес жүргізудің заманауи шарттары уақытты үнемдеуге мәжбүрлейді. Есептілікті ғаламтор арқылы ұсыну – салық төлеушілер үшін де, мемлекеттік кірістер органдары үшін де екі жақты тиімді шешім болып табылады.

         Салық төлеушілер саны жыл сайын өсуде. Оларға сапалы, жоғары кәсіби деңгейде қызмет көрсету керек. Ал электрондық құжат алмасу осы өзара қарым-қатынасты түбегейлі жақсартуға қосымша мүмкіндіктер қарастыруға көмектеседі. Салық төлеушінің электрондық құжат алмасу жүйесіне қатысуы оған барлық соңғы өзгерістерді біліп отыруға, механикалық қателіктерді болдырмауға және есептілікті кез-келген уақытта жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми сайт арқылы өзінің «Салық төлеушінің кабинетіне» кіру арқылы салықтар мен алымдар бойынша өзінің дербес шоттарының жағдайын тексеруге, төлем құжаттарын құру және өз салық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

  Салық есептілігін электронды түрде ұсынудың артықшылығы туралы баспасөз беттерінде біраз уақыттан бері жазылып, айтылуда. Электронды есеп беруді енгізудің мақсаты – шешім қабылдау және салықты әкімшілендіру процестерінен адами факторды барынша жою арқылы салық төлеушілер мен салық салушылар арасындағы қарым-қатынастың айқындығын қамтамасыз ету. Электрондық есеп беруді енгізудегі басты нәтиже – бұл заң нормаларын сақтау.

Электронды түрде есеп берудің шүбәсіз артықшылығына төлеушілердің тәжірибе жүзінде көздері жетті.    

Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша салық есептілігін электронды түрде ұсыну жүйесіне қосылу салық төлеушіге бірқатар маңызды артықшылықтарды береді:

1.  Жұмыс уақытын, сонымен қатар есеп беру бланкілерін сатып алуға ақша қаражатын үнемдейді.

Мемлекеттік кірістер органына келу қажеттілігі болмайды, салық есептілігін тәуліктің кез-келген уақытында, аптаның кез-келген күнінде, салық төлеуші үшін кез-келген ыңғайлы уақытта, соның ішінде мереке және демалыс күндері кеңседен (үйден) шықпастан  жіберуге болады.

 2. Қосарланудың болмауы.

Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша салық есептілігін электронды түрде ұсыну осы құжаттардың қағаз жүзінде қосарлануын қажет етпейді.

2.     Қателіктерді болдырмау.

Шығыс бақылау құралын қолдану арқылы ақпаратты құру кезінде салық төлеушіге есептілік нысандардың өрістерін дұрыс толтырылуын бақылау, салық есептілігінің дұрыс толтырылуын тексеруге және автоматты түрде есептеу мүмкіндігі бар «автоесеп» режимін қолдану  арқылы оны үлгідегі формат бойынша дайындау және құру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте, толтырылып отырған нысан нұсқасының өзекті болуы тексеріледі және ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды түрде жолданған есептілік кіріс бақылауынан өтіп, дербес шоттарға таратылады.

3.       Электронды түрде ұсынылатын ақпарат үлгісінің қолма-қол жаңаруына кепілдеме.

Салық декларациясы, бухгалтерлік есеп беру, басқа да құжаттардың нысандары өзгерген немесе есептілік нысандарының жаңа түрі енгізілген    жағдайда, салық төлеуші ақпарат ұсынудың белгіленген мерзіміне дейін оны электронды түрде ұсыну үлгісінің жаңа нұсқасын автоматты түрде алу мүмкіндігіне ие болады.  

4.     Ақпарат алу мүмкіндігі.

Салық төлеуші ақпаратты мемлекеттік кірістер органына ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электронды түрде жібере отырып, бюджет алдындағы міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпараттық көшірмені (салықтар бойынша деректер) алу, өз дербес шоттарын көру, бюджет есептерінің жағдайы туралы дербес шоттың көшірмесін алу  мүмкіндіктеріне ие болады.

5.     Жедел ақпараттандыру.

Салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарынан электрондық пошта арқылы салық заңнамасындағы өзгерістер туралы мәліметтерді, бюджеттік шоттардағы, нормативтік актілерлердігі және т.б. өзгерістер сияқты көпшілікке қол жетімді ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болады.

6.     Есептіліктің жеткізілгендігін растау.

Ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жібергеннен кейін салық төлеушіге оның жеткізілгендігін растайтын, даулы жағдайларда заңды күші бар құжатты алуға кепілдеме беріледі.

7.     Құпиялық.

Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша салық есептілігін электронды түрде ұсыну жүйесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдану арқылы қорғауды болжайды. Осылайша, жолданған құжаттардағы ақпарат, рұқсатсыз қарау мен түзетулерден қорғалған. 

Уақыт үнемділігі мен жайлылық – есептілікті электронды түрде тапсырудың  негізгі артықшылығы.

Электрондық қызмет көрсету мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушілермен байланысын азайтады, адами фактордың ықпалын төмендетеді, салық төлеуші үшін де, иелік субъектілерінің есептіліктеріндегі деректерді енгізу үшін аз уақыт жұмсайтын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін де қолайлы жағдай туғызады.

Есептілікті электронды түрде ұсынуға бел буған салық төлеуші неден бастауы керек?

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электронды салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті түрде мемлекеттік кірістер органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.   

Егер, салық төлеуші салық есептілігін электронды түрде ұсынуға ықылас білдірсе, ең алдымен салық төлеуші электронды салық төлеуші ретінде тіркелу туралы өтініш ұсынады. Өтінішті қабылдау мемлекеттік кірістер органының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы (Орталық) немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы, сонымен қатар «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы жүргізіледі.           

  Салық өтініштерінің бланкісі тұтынушыға Орталықта тегін беріледі. Сонымен қатар тұтынушы www.kgd.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында жарияланған салық өтініштерінің үлгілерін өз бетінше басып шығара алады.

Тұтынушының салық өтінішін ұсынғанын растау құжаты – салық өтінішінің қабылданған уақыты мен күні көрсетілген құжаттар пакетінің қабылданғандығы туралы белгісі бар талон болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органы электронды салық төлеушіні тіркеу есебі туралы салық өтінішін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық сандық қолтаңбасы бар кілттік контейнермен электрондық    ақпарат тасымалдаушыны береді.

Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмыс уақыты: демалыс және мереке күндерінен басқа күнделікті сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты 13.00-тен 14.30-ға дейін. Порталдың, Салық төлеушінің кабинетінің жұмыс уақыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс күні аяқталған уақытта, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады) жүргізіледі.


Құрметті салық төлеушілер!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығы (келесіде –Бұйрық) 2016 жылғы 13 тамызында қолданысқа енгізілетіндігін («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 тамызында ресми жарияланды) хабарлайды.

Салық төлеушілер үшін 2016 жылға арналған салық есептілігінің нысандарының (ф.200.00, 220.00, 400.00, 421.00, 590.00, 700.00, 701.00, 701.01) жаңа үлгілері «Салық төлеушілер кабинетінде» 2016 жылдың 13 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Бұл ретте, «Салық төлеушілер кабинетінде» көрсетілген салық есептілігінің жаңа үлгілерін жүзеге асырған және жариялаған кезде техникалық себептері бойынша Салық кодексінің 69 бабы 3 тармағына сәйкес 2016 жылғы 1 тоқсанына немесе 2016 жылға табыс еткен салық есептілігін өзгерту әдісімен кері қайтарып алуы жүргізілмейді, себебі салық есептілігінің жаңа үлгілері қолданысқа енгізіледі (салық есептілігінің үлгі нұсқасы сәйкес келмеуі).

Салық кодексінің 69 бабы 3 тармағына сәйкес өзгерту әдісімен мынадай:

1)       валютаның коды көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

2)       жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және (немесе) күні көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

3)       резидент мәртебесі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген салық есептілігін;

3-1) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;

3-2) салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

3-3) салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

4)       салық төлеуші осы Кодекстің 37, 37-1, 38, 40 – 43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.

Осылайша, егер салық төлеуші жоғарыда көрсетілген Бұйрықтың қолданысқа енгізілгенге дейін табыс етілген салық есептілігін өзгерті әдісімен қайтарып алмаған кезде, мысалы, салық органның коды дұрыс көрсетілмесе, бұл жағдайда, салық төлеушіге салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алып, салық органының кодын дұрыс көрсетіп қайтадан салық есептілігн табыс еті керек.

Бұл кезде салық төлеушінің іс-әрекеттері салық есептілігін Салық кодексімен көрсетілген мерзімінде табыс етпеуі анықталады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 741 бабы 1 бөлімнің 8) тармақшасына сәйкес егер де салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда, салық төлеушiнiң салық есептiлiгi нысандарын электрондық түрде ұсыну бойынша салықтық мiндеттеменi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде орындамауына әкеп соғуы болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады.

Осылайша, салық есептілігін өзгерту әдісімен кері қайтарып алуы техникалық себептер бойынша жүргізілмегендіктен (салық есептілігінің үлгі нұсқасы сәйкес келмеуі) салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алуы салық есептілігін табыс етпеу түрінде әкімшілік құқық бұзушылықты құрамайды және тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.



Баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметі


ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мелекеттік қызметтер тізімі


ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Басқармаларымен және кеден бекеттерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі


ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық басқармаларының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының мекенжайлары


ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!

Мемлекеттік кірістер органдары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасына  8(7232)701053, 8(7232) 701043, 8(7232)701252 телефондары арқылы, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар түсіру үшін 8(7232)701048 сенім телефоны арқылы  жүгіне аласыздар.


 

Баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметі