Жарияланған күні: 29.10.2018 10:00
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

 

Құрметті салық төлеушілер!

Тақырып: «Камералдық бақылау түсінігі»

Барлық салық төлеушілерде «Камералдық бақылау дегеніміз не»? деген сұрақ туады

01.01.2018ж. заң күшіне еңген, 25.12.2017ж. № 120-VI Қазақстан Республикасының " Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 94 бабаның 1 тармағына сәйкес салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Салық кодексінің 96 бабының 1 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама ресiмделедi.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Осы тармақтың ережелері камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған тәуекел дәрежесі елеусіз бұзушылықтарға қолданылмайды және тәуекелдерді басқару жүйесінде ескеріледі.

          Сонымен қатар Салық кодексінің 96 бабының 2 тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асыратынын атап өткіміз келеді.

          Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.

          Сонымен қатар, салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.