Жарияланған күні: 09.04.2015 14:56
Өзгертілген күні: 10.04.2020 13:37

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салықтар бойынша аудит қорытындысының нәтижелері бойынша таратылатын резидент-заңды тұлғалардың және қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің назарларына келесіні жеткізеді, аудиторлық уйымдардың толық тізімін http://www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous?NavigationTarget=ROLES://portal_content/mf/kz.ecc.roles/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonym_services/services/audit_organs  сілтеме бойынша қарауға болады


Салықтар бойынша аудиторлық қорытындысының нәтижелері бойынша резидент заңды тұлғаларды тарату және дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату тәртібі

 

ҚР Салық кодексінің 60 бабы бойынша  заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер аудиторлық қорытындысының нәтижелері бойынша қызметін тоқтата алады (2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап бабы қолданысқа енгізілді). Бұл бапта салық органдарымен жүргізілетін салық тексерулерінің баламасы ретіндегі салықтар бойынша аудиторлық қорытындысыңың нәтижелеріне сәйкес салық төлеушілерді таратудың тәртібі баяндалған.

Енгізілген ережеге сәйкес салық төлеушілер таратудың осы тәртібін төменде көрсетілген  шарттың бір уақытта орындалған сәтінде ғана таңдай алады:

1)                     талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі, яғни заңды тұлға немесе дара кәсіпкер қызметінің соңғы 3 жылындағы  түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150000 еселенген мөлшерінен аспауы;

2)                     салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысының болуы;

3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын(Кодекстің 48 бабында белгіленген мерзім ішінде).

Таратудың осы тәртібі таңдалған жағдайда салық төлеушілер орналасқан жердегі салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны;

4) бақылау-кассалық машина салық органында тіркеу есебіне қойылған жағдайда бақылау-кассалық машинаны есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Салық органы таратылатын немесе қызметін тоқтататын салық төлеушілерден құжаттар алынған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей камералдық бақылау жүргізуге міндетті, бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылатын салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етіледі. Аталған хабарламаны салық төлеуші Салық кодексінің    96 -бабының тәртібіне сәйкес хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындауы тиіс.

Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, құжаттық салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 246-бабымен аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға 180 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын хабарлаймыз. Бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан  айырады.