Жарияланған күні: 04.06.2019 18:20
Өзгертілген күні: 22.11.2019 13:58

Салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 424-бабының 2-тармағына сәйкес декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері ұсынылады.

Егер қосылған құн салығын төлеуші:

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі;

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.

Егер қосылған құн салығын төлеуші:

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана жазып берген жағдайда, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды;

салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алған жағдайда, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды.

Сәйкесінше қосылған құн салығын төлеуші салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе және алса, сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерінде тек қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.

Ал егер қосылған құн салығын төлеуші салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана жазып берген және алған жағдайда, сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері салық органдарына ұсынылмайды.

 

ШҚО бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы