Жарияланған күні: 26.03.2024 18:26
Өзгертілген күні: 26.03.2024 18:27

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 8 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсынылатын дамушы елдерден немесе ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарлардың тізбесіне енгізілген тауарларды әкелу кезінде қолданылады.

Тарифтік преференциялар, егер мұндай тауар тауарлардың шығу тегін айқындау критерийлеріне сәйкес келсе және мынадай шарттар орындалса, пайдаланушы елден шығатын тауарға қатысты беріледі: тікелей жеткізу, тікелей сатып алу, тауардың шығу тегі расталды, әкімшілік ынтымақтастыққа қойылатын талаптар сақталды.

Тарифтік преференциялар беру мақсатында тауардың шығу тегін растау үшін А нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы не тауардың шығу тегі туралы декларация ұсынылады. Нысан мен тәртіп ережелермен бекітілген. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты уәкілетті орган (ұйым) тауардың бір партиясына береді және тауар жөнелтілгенге дейін де, тауар жөнелтілгеннен кейін де (rейіннен) берілуі мүмкін. Тарифтік преференциялар беру мақсатында тауардың шығу тегі туралы сертификатты қолдану мерзімі оны берген күннен бастап 12 айдан аспайды. Тауардың шығу тегі туралы cертификат ағылшын немесе француз тілдерінде толтырылады. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттағы тауардың сипаттамасы оны мүше мемлекеттің кеден органы кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауармен сәйкестендіру үшін жеткілікті болуға тиіс. Тарифтік преференциялар тауарға қатысты тауардың шығу тегі туралы құжатта көрсетілген мөлшерде беріледі. Жеткізілген тауардың нақты салмағы тауардың шығу тегі туралы құжатта көрсетілген салмаққа қатысты қоса алғанда 5 пайыздан аспаған кезде тарифтік преференциялар көрсетілген қателік шегінде тауардың нақты салмағына қатысты беріледі.

Кедендік құны 5 000 еуро баламасынан аспайтын тауар партиясының шығу тегі тауардың шығу тегі туралы декларациямен расталуы мүмкін.