
Салық төлеушілердің назарларына!
«Бірыңғай күн кеңесі» акциясы басталды
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың 26 ақпанынан бастап, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің барлық бөлімшелерінде «Бірыңғай күн кеңесі» акциясы басталғандығын хабарлайды, бұл салық төлеушілердің салыққа қатысты сұрақтары бойынша ақпараттылықты жоғарлату мақсатында жүргізіліп отырған шара. Жүргізіліп отырған акция жайлы облыстың жергілікті және аудандық газеттерінде, әкімшілік сайттарында хабарландырулар жарияланған. ШҚО бойынша МКД ресми ғаламтор-ресурсында Бірыңғай күн кеңесінің жүргізілу уақыты мен күні туралы пресс-релиз, сонымен қатар, ШҚО бойынша МКД әлеуметтік жүйелер аккаунтында акцияның жүргізілуі туралы ақпарат орналастырылған.
Облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеканалының эфиріндегі «инфоблок» айдарында күн сайын Бірыңғай күн кеңесінің жүргізілуі туралы хабарлама 2 тілде жарнамаланды және Семей қаласының жергілікті телеканалының (ТВК-6 каналының «Бизнес блок» айдары) эфирінде хабарлама берілген. Семей қаласының «Мақсат» радиосының эфирінде де хабарламаны жариялау ұйымдастырылған және Өскемен қаласындағы халықтың көп шоғырланатын орындары «Орталық» және «Заречный» базарларында радиоайдар бойынша құлақтандырылған. Сонымен қатар, Бірыңғай күн кеңесінің жүргізілуі туралы ақпарат қалалық, аудандық әкімшілік ғимараттарының, ШҚО аумақтық мемлекеттік кірістер басқарамаларының, ШҚО қалалық және аудандық ХҚКО, Өскемен қаласындағы «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының, «Өскемен қаласының кәсіпкерлер басқармасы» ММ ғимаратының ақпараттық стенділерінде орналастырылған және Өскемен қаласында көрнекті жарнамасы (баннер) қондырылған. Аталаған іс-шара 26.02.2015ж. Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен бірлесе отырып жүргізілген. Бірыңғай күн кеңесін жүргізудің мақсаты туралы «ТВК-6» каналына Семей қаласының басқарма бөлімдерінің басшылары сұхбат беріп, ал «Спектр» газеті үшін, салық заңдылығын түсіндіру мен заң қызметі бөлімінің басшысы сұхбат берді. ШҚО бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында жүргізілген акцияның 4 күні ішінде түсіндіру мен кеңес алу үшін 349 салық төлеуші келді, оларға толық көлемде кеңестер берілді.
Акцияны жүргізуге қатысқан әр жеке тұлға бизнесті жүргізу және кәсіпкерлікті ашу мәселелері бойынша білікті кеңес ала алады. Бірден үлкен ақпаратты қабылдай отырып, барлық адамдар алынған ақпаратты меңгере алмайды. Сол себепті, келушілерге бүктемелер, мемлекеттік және орыс тіліндегі жадынамалар, сонымен қатар «СЕӨЖ/ Салық төлеушінің кабинеті» қосымшасы бар СД-дискілер, салықтық есептілік нысанын толтыру ережесі, Салық төлеуші кабинетінің жұмысы үшін компьютерді икемдеу бейненұсқамасы беріледі, ЭСҚ алу үшін, тіркеу есебіне тұру үшін өтініштер қабылданады. Департамент декларацияны тапсыру және кәсіпкерлікті ашу туралы кәсіпкерлермен жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар бойынша тізім жасады. Кәсіптерін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қызықтыратын негізгі сұрақтар: ЖК тіркеу, КБМ қолдану тәртібі, арнаулы салық режимін қолданудың шарттары, әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарнасы, басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен салықтарды есептеу мен төлеу тәртібі, сыртқы экономикалық қызметті енгізу.
Құрметті өз бизнестерін жүргізіп жатқан азаматтар(шалар) мен бастаушы кәсіпкерлер – келіңіздер, Сіздерге көмек көрсетуге әзірміз!
Телефон бойынша анықтама: 8/7232/700459
Түсіндіру жұмыс басқармасы
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті