ПРЕСС – РЕЛИЗ
ҚР ҚМ МКК 2016 жылғы 11 тамыздағы №14-С хаттамасының 9 тармағының негізінде 2016 жылдың 18 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.К. Жолдасбаевтың басшылығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен болдырмау мақсатында жиналыс –семинар өткізілді.
Жиналысқа Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы ішкі тергеу бөлімінің басшысы Б.Б. Аметаев, Департаменттің қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшина, сонымен қатар, Департаменттің қызметкерлері, аймақтық мемлекеттік кірістер басқармалары және кеден бекеттері бейнеселектор бойынша қатысты.
Ішкі қауіпсіздік басқармасы ішкі тергеу бөлімінің басшысы Б.Б. Аметаев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Д.Е.Ерғожинның және Ішкі қауіпсіздік басқармасы басшылығының тапсырмалары бойынша қатысушыларға ағымдағы жылдың басынан бастап атқарылған ҚР ішкі қауіпсіздік басқармасы бөлімшелерінің жұмыс қорытындыларын баяндап берді және Департаменттің лауазымды тұлғаларына қозғалған қылмыстық істері бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталды.
Содан кейін, сөз кезегі Департаменттің қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Ж.К. Шамшинаға берілді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» ҚР жаңа Заңның қабылдануына сай жемқорлыққа қарсы саясат жаңғыртылды. Оның айқын сипаты-бұл барлық қоғам мүшелерін аталған процесске тартумен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты механизмдерін енгізу жайында. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 44, 50-баптарының негізгі талаптарына тоқтады. Сонымен қатар, 2016 жылғы 22 маусымдағы №133 Бас прокурорының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған тұлғаларды есепке алуды жүргізу бойынша жаңа Ережелер бекітілген болатын. Осы ережелерге сәйкес, Қазіргі кезде 1-К нысанды кәртішкесінің орнына 1-ДП нысанды кәртішкесі қарастырылған, ол мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұйрық шығарылғаннан кейін үш жұмыс күннің ішінде толтырылады.
Сөз соңында, Департамент басшысының міндетін атқарушы Е.К. Жолдасбаев барлық қатысқандарға алғыс айтты және жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті