
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VI кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 305-бабына сәйкес КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер түзетулерді ескере отырып, алдыңғы есепті кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі 325 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын (қаржы жылының 1 қаңтарына) салық төлеушілер болып табылатынын хабарлайды.
Мынадай санаттар корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемейді және төлемейді:
-алдыңғы салықтық кезеңінің алдындағы салықтық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып, ЖЖК 325 000 АЕК-тен кем немесе оған тең салық төлеушілер;
- жаңадан құрылған салық төлеушілер-заңды тұлға тіркелген кезең ішінде және одан кейінгі есепті кезеңде;
-жаңадан тіркелген резидент емес заңды тұлғалар,
заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын тұлғалар - тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезеңі ішінде және келесі салық кезеңі ішінде;
- Салық кодексінің 289-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар;
- Салық кодексінің 291-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес ұйымдар;
- Салық кодексінің 290-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар.
Салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес декларациядан кейінгі аванстық төлемдер сомасы, осы тармақтың 4-тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.
Өткен салық кезеңі үшін КТС бойынша декларация тапсырылғаннан кейін аванстық төлемдердің есеп-қисабын табыс еткен салық төлеушінің есепті кезеңнің төлеу мерзімі басталмаған айлары үшін аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқығы бар. Бұл ретте есеп, есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып орындалады.
Қосымша есеп айырысуларды табыс етудің соңғы мерзімі салықтық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін.
Қосымша есепте көрсетілген түзетулерді ескере отырып, аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмайды.
Салықтық кезеңі ішінде бюджетке төленген аванстық төлемдердің сомасы есепті салықтық кезеңі үшін КТС бойынша декларация бойынша есептелген КТС төлеу есебіне есептеледі.
КТС бойынша декларацияны тапсырғаннан кейін аванстық төлемдерді есептеу кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен реттелетін маңызды жағдайды ескеру қажет.
Мәселен, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 278-бабының 3-тармағына сәйкес, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, салықтық кезең ішінде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан салықтық кезең үшін нақты есептелген корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.