2016 жылғы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі - Департамент) «Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілген болатын.
Дөңгелек үстелге қатысқандар.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Е.Қ. Жолдасбаев.
Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ж. Қабдолдақызы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының басшысы Р.Е. Танабаев.
Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ж.З. Рахимов.
«Салық қызметі органдарының ардагерлері» Республикалық қоғамдық ұйымының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұғманов С.Б.
«Талдау және болжау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі И.Какимова.
Департаменттің басқарма, бөлім басшылары (60 адам).
Бірінші болып Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж. Қабдолдақызы сөз алды. «Қазақстан Республикасының Мемлкеттік қызметі» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары туралы және Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жұмысын көрсетіп, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы туралы баяндама жасады.
Содан кейін тақырып бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тергеу басқармасының басшысы Р.Е. Танабаевқа сөз берілді. Баяндамада дөңгелек стөлдің қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жұмысы туралы айтты.
Бұдан кейін, Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ж.З. Рахимов тақырып бойынша баяндама жасады. Баяндамада Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының негізгі жұмысы туралы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларына тоқталып, атап өтті.
Ж.З. Рахимовтың сөзден соң «Салық қызметі органдарының ардагерлері» Республикалық қоғамдық ұйымының Шығыс Қазақстандық облыстық филиалының директоры Нұғманов С.Б. сөз кезегін алды, тақырып бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын айтып берді (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары).
Дөңгелек стөлдің соңында «Талдау және болжау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілі И.Какимова баяндама жасап, Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында өткізілген осы облысында сыбайлас-жемқорлық деңгейін туралы әлеуметтік сұраулардың нәтижесі жайында баяндады.