Date of publication: 29.07.2016 11:17
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Мемлекеттік дамудың маңызды міндеттерінің бірі жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымы болып табылады. Мемлекет Елбасымен мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық пен қылмыстарды болдырмау бойынша алға бірқатар міндеттер қойылған.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғыртудың жаңа кезеңі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» жаңа Заңның қабылдануы болып табылады. Оның айқын сипаты-бұл барлық қоғам мүшелерін аталған процесске тартумен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың нақты механизмдерін енгізу.

Заңнамалық деңгейде «сыбайлас жемқорлықтың» жаңа анықтамасы берілді, ол мүлiктiк игiлiктерді ғана емес, мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алуды, сол сияқты үшінші тұлғалар пайдасына алуды қарастырады.

Сыбайлас жемқорлық субъектілерінің жауаптылығы тек қана қылмыстық және әкімшілік заңнамасы арқылы қаралады.                                              

Бұрынырақ күшін жойған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылық ретінде квалификацияланатын теріс қылықтар мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар тобына жатқызылды.   Аталған теріс қылықтарды жасағандығы үшін санкция сақталды және олар қазір «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-бабында көрсетілген.                              

Жекелап алғанда, аталған Заңның 50-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкер атқарып отырған лаузымынан келесі теріс қылықтары үшін босатылады:                                                                       

1) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;

2)  кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;

3) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы;

5) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы;
6) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:
жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;
егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын; жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;

7) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануы.

Сонымен қатар, бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылғаннан кейін бір жыл ішінде төменде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтарды қайталап жасағандығы үшін атқарып отырған мемлекеттік лаузымынан босатуға әкеледі. Жекелеп алғанда:

1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;

2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;     

3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа;

5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;

6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуі;
9) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;
10) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;

11) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 151-бабының 1), 2), 3), 4) және 7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;
12) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға.    

Осылайша,мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін атқарып отырған лауазымынан мемлекеттік қызметкерді босатқан жағдайда, онда бұл тұлғаға (азамат) қайта мемлекеттік қызметке қабылдануға рұқсат берілмейді.                                                                                 

Көрсетілген шаралар ең бастысы мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығын жоғарлатуға, тәртіпті нығайтуға, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

 

                                                                                      ШҚО бойынша МКД қызметтік

                                                                           тергеу бөлімінің басшысы 

                                                         Ж.К.Шамшина