Date of publication: 28.07.2016 11:32
Date of changing: 21.10.2019 15:35

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаментімен ұйымдастырлған  «Азаматтық бақылау» атты мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Мүлікті жария ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудағы маңызды құралдардың бірі» тақырыбында, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы  Сейльханова Роза Шакировна баяндама жасады.   

Конференция барысында, Роза Шакировна, жария ету туралы, оны өткізудің мақсаттары мен себептері, жария етуді жүргізу тәртібі, пайдасы мен тиімділігі, мүлік пен капиталды заңдастырудың қарапайым тәсілдері, жария ету субъектілеріне кепілдіктер мен салықтық жеңілдіктер жайында айтты.    

Өз баяндамасында, тақырыпқа қатысты, Роза Сейльханова келесіні мәлім етті:

«Елбасы айтқандай: «Жа­рия ету – бұл соңғы мүмкіншілік, осыдан кейін ешқандай жеңіл­діктер болмайды. Жария ету – бұл жалпыға бірдей декла­рацияны енгізу алдындағы соңғы мүмкіндік».

Өз алдына, заң, біріншіден, шет елдегі шоттар бойынша мәліметті жасырғаны үшін әкімшілік жазаның қатаңдауын ұйғарады, екіншіден, шет елдегі мүлікті міндетті түрде декларациялау. 

Демекші, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері келесі жылдың басынан бастап мүліктерін декларациялай бастайды. Жалпыға бірдей декла­рацияға көшудің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, көлеңкелі экономиканың белсенділігін төмендету, сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру деңгейінін толық  көрінісін алу.  

Әзірше, 2016жылдың 31желтоқсанына дейін әр қайсымызда өз мүлкімізді, бағалы қағаздарды және ақшаны заңдастыруға уақыт бар. Сондай-ақ, бұл жарна тұрғын ұй, оған жалғастыра құрылыстар салған, заңсыз иелікте  сая-жай үйлері, гараждары бар жеке тұлғаларға арналған.   

Мемлекет қолдап, мүмкіндік беріп отырғанда осы мүмкіншілікті пайдалану қажет, өтйкені, мысалға, маңызды сомаға алынған, сіздің қаржылық есептеріңізде көрсетілмеген мүлікті анықтаса, сізбен сәйкес органдар айналысатын болады. Онда айыппұлсыз болмайды. Бүгінде, егер декларация табыс етуге міндеті бар азамат қандай да бір мүлікті жасырып қалса, онда бірінші айыппұл  жыл ағымында 250 АЕК құрайды. Егерде тағы да бір дерек анықталса, мысалға, ақшадан басқа қандай да бір жылжымайтын мүлікті декларацияда көрсетпесе, онда әкімшілік айыппұл сомасы екі есеге көбейеді, және 500 АЕК кұрайтын болады. Бірақ, азамат оның барлығын заңды түрде келгенін дәлелдей алса, әрине, ондай адамға жария ету қажет емес. Жария ету салық салудан бір нәрсені жасыруға негізі барларға керек.    

Осылайша, жалпыға бірдей декларацияны енгізген соң, фискалды органдарда субъектінін қандай да бір мүлкінің пайда болу табиғатының заңдылығы жөнінде сұрақтар туындамау үшін, облыстың азаматтарына қазір ойланып, қажет болған жағдайда кідіртпей жария ету процедурасын пайдалану қажет».