Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Асем Қадырқызы Тұрлыбековамен өткізілген брифинг барысында мүлікті және ақшаны жария ету жөнінде, жария ету Заңындағы өзгерістер, жария ету субъектілеріңе берілетін кепілдіктер мен салықтық жеңілдіктер туралы түсіндірілді.
Асем Қадырқызының айтуынша, ақшаны жария ету процедурасы барынша жеңілдетілген: «Егер, жаңартылған Заңға өзгеріс енгізгенге дейін жария етілген ақша қаражаттары 5 жыл банктегі шотта сақталу тиіс еді, қазіргі уақытта жария ету субъектісі ақша заңдастырылған соң өз қалауы бойынша пайдалана алады. Әрине, бұл өзгеріс елді елең еткізді. Егер, бұрын мемлекеттік кірістер органдарына ақшаны жария етуге жүгінулер болмаса, ақшаны жария ету бойынша жеңілдетілген норма енгізілгеннен кейін ағымдағы жылдың 7 айында Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жалпы сомасы 704 млн. 142мың теңгеге 7 декларация табыс етілді. Оның 6 декларациясы бойынша ақшаны банктік шотқа салу арқылы жария етті, бір декларация бойынша 500,0мың теңге 10%-дық алымды төлеумен, яғни, банктік шотқа салмай заңдастырды. Осылайша, жария ету субъектісі ақша қаражаттарды заңдастыруда өзіне ыңғайлы тәсілді қолданады».
Сондай-ақ, Асем Турлыбекова шет елдегі бір жылжымайтын мүлік заңдастырылғандығы туралы айтты.
Брифингті қорытындылай келе, - «Егер жылжымайтын мүлік заңсыз алынса, құқық бұзушылық жасау арқылы алынған ақша, заңды экономикалық айналымнан шығарылған мүлкіңіз болса, онда Жарнаның жеңілдетілген нормаларын, кепілдіктерді пайдалану қажет. Мемлекет оларды жария ету арқылы «көлеңкеден» шығаруға мүмкіндік беріп отыр, өйткеңі жалпыға ортақ декларациялау кезінде, мысалға, оның заңдылығын түсіндіре алмайтын, немесе осындай объектіні сатып алуға табысыңыз сәйкес келмейтін, өте қымбат тұратың объектіні анықтаса,онда сізбен құзыретті органдар айналысады. Осылайша, облыстың азаматтарына қазір ойланып, қажет болған жағдайда кідіртпей жария ету процедурасымен пайдалану қажет» деді Асем Кадырқызы.