Date of publication: 19.07.2016 18:23
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Бүгін ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Талғат Колмыкпаев прокуратура орындарымен бірлескен жұмыстар нәтижесінде 2015 жылы және 2016 жылдың 6 айы бойынша жалған кәсіпкерлік қызметін анықтау және бұлтартпау бойынша Өскемен қаласының №2 Сотымен 4 айыптау үкімі шығарылғаны, сонымен қатар онда кінәлі тұлғалар ҚР ҚК 215-бабы бойынша «жалған кәсіпкерлік» фактісі бойынша 94 жалған кәсіпорындар құрғаны үшін сотталғаны, оның 77-і Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіркелгендігі туралы хабарлады. 

Көрсетілген 77 жалған кәсіпорындардың ішінде 15 заңды тұлғалардың қызметі бойынша оларды қайта тіркелгеннен кейін қылмысты деп танылғанын атап өтті.  

Сондай-ақ, осыған байланысты, олар қайта құрылғаннан кейін (қайтадан тіркеу) жалған кәсіпорындар болып танылған 15 заңды тұлға бойынша салықтық бақылау шаралары мемлекеттік кірістер органдарымен жалған кәсіпкерлік қызметі кезеңінде өзара есеп айырысуы жүзеге асырылған контрагенттерге қолданылады, қылмыстық жалған қызметі басталған сәтіне дейін жүргізілген өзара есеп айырысу бойынша контрагенттерге шаралар қолданылмайды,- деді.

Бұдан басқа, биылғы жылы жалған кәсіпорындармен өзара есеп айырысуларды өтеуде ШҚО-да тіркеу есебінде тұрған, жалған кәсіпорындармен 735 контрагент анықталғанын, ҚҚС жалпы сомасы камералдық бақылау жалпы 4 302 394, 6 мың теңгеге 1389 хабарлама ұсынылды, оның ішінде 2 254 767,1 мың теңге сомасына 1249 хабарлама тапсырылды. 2 047 627,5 мың теңге сомасына 140 хабарлама берілмеді (тағайындалған тексерулерге байланысты аудитқа жіберулерін, салық төлеушілердің таратылуына байланысты және т.б. )

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 829 297,9 мың теңгеге ҚҚС және КТС бойынша ҚСЕН ұсыну жолы арқылы 320 контрагенттермен жалған кәсіпкерлікпен азара есеп айырысуды шығару жүргізілген, олардың ішінде ҚҚС және КТС бойынша 323 379,9 мың теңге өндірілді, соның ішінде төлем құжатымен - 267 938,7 мың теңге туралы да мәлімдеді.