Date of publication: 02.07.2021 10:27
Date of changing: 02.07.2021 10:24

Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі, мерзімдері туралы

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) енгізілген өзгерістерге сәйкес:

1) меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

2) жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылатындығын хабарлайды.

Халықтың назарын осы нормаға сәйкес енді көппәтерлі үйлердің тұрғындары жер салығын төлеушілер болып табылмайтынына аударғымыз келеді.

Бұдан басқа, мүлік салығы мен жер салығын төлеу тәртібін оңайлату мақсатында бюджеттік сыныптаманың коды – 104102 кодына біріктірілді.

Бұл ретте, аталған салықтарды біріктіру салық элементтерін өзгерткен жоқ, яғни жер салығы, мүлік салығы Салық кодексінде көзделген мөлшерлемелер мен тәртіпке сәйкес жеке-жеке есептелетін болады, ал төлеуге ұсынылатын және 104102 БСК бір сомамен төленетін болады.

Жекелеген жағдайларды қоспағанда, мүлік салығын төлеу салық салу объектілері орналасқан жер бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мәліметтер көрсетілген салықтарды есептеу үшін салық базасы болып табылады, онда объектінің бағалау құны мен жер учаскесінің алаңы көрсетіледі. Бұл мәліметтерді ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы ұсынады.

Сондай-ақ,  Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеуден босатуға құқығы бар азаматтардың санаты көзделген, оларға жеңілдік салық салу объектілерінің бағалау құнына және жер учаскесінің түріне қарай беріледі.

Жеңілдікке құқығы бар тұлғалар бойынша мәліметтер жыл сайын уәкілетті органмен табыс етіледі және салықтарды есептегенде олар есепке алынады. 

Пандемияға байланысты эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, адамдардың көпшілігі жиналатын орындарда  коронавирусты жұқтырып алмау үшін салық сомалары  мен жеңілдіктер туралы ақпаратты байланыссыз тәсіл арқылы, келесі ыңғайлы және қолжетімді сервистерді қолдануды сұраймыз (есептелінген сомалар дербес шотта айқындалғаннан кейін, қазіргі уақытта есептеулерді қондыру бойынша жұмыстар жүргізілуде):

1. Еgov электрондық үкімет порталы;

2. ҚР ҚМ МКК Интернет ресурсы kgd.gov.kz онлайн-режимде;

3. Мобильді қосымшалар Kaspi.kz, еSalykAzamat;

4. Бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

2020 жылға арналған мүлік салығы мен жер салығы бойынша салық міндеттемелері туралы жеке тұлғаларды барынша қамту және уақтылы хабардар ету мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың ұялы телефон нөмірлеріне салық міндеттемелері туралы қысқа мәтіндік SMS-хабарлама жіберуді жоспарлап отыр.

Салық төлеуді "Салық әмияны" сервисі іске қосылған ҚР ҚМ МКК "eSalyg" мобильді қосымшасы, eGov порталында, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, терминалдар, банкоматтар және т. б. арқылы жүргізуге болады.

 

 

                                                                          ШҚО бойынша МКД

Турлыбекова Асем Кадыровна