
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжат электронды құжаты туралы ақпарат.
Құжаттарды цифрландыру шеңберінде салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің орындалуын жеңілдету мақсатында ТІЖ енгізілуде.
Бүгінгі таңда ТІЖ акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжатты алмастырып, бұдан әрі:
- тауарларды басқа жаққа жіберуге арналған жүкқұжатты;
- тауар-көлік жүкқұжатын;
- тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны (016.00 нысан);
- алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі міндеттемені;
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу кезінде ресімделетін тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті алмастырады.
Бұл сіздің бизнесіңіз үшін де, мемлекеттік органдар үшін де уақыт пен ресурстарды үнемдей отырып, шекарадан өту процесін тездетеді.
ТІЖ ресімдеу электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Ыңғайлы болуы үшін, ТІЖ жазып беруді "ВЕТА" ЭШФ АЖ” мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.
Қосымшаны PLAY MARKET жүйесінен жүктей аласыз!
https://vk.com/wall-102541319_2548