
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарының «Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды.
Өзгерістер мен толықтырулар сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынатын құжаттарына және мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдеріне, атап айтқанда:
1. сыртқы экономикалық қызметке қатысушы электрондық түрдегі өтінішке тауарды біржақты сыныптауға мүмкіндік беретін тауар туралы мәліметтер мен ақпаратты растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беруге тиіс;
2. егер өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болып табылған немесе толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы бес жұмыс күнінен кешіктірмей қосымша ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді;
3. мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдауы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мыналарды құрайды:
- мемлекеттік қызметті алуға өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей;
- мұндай қызметтер осындай коммерциялық атауы, фирмалық атауы (тауар белгісі), осындай моделі, маркасы, осындай артиклі және осындай модификациясы бар тауарларға қатысты ұсынылған жағдайларда, мұндай тауарлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өтініштерін қабылдау мен нәтижесін беруі «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.