Дағдарыс кезінде бюджеттің кіріс бөлігін толтырумен байланысты проблемалық мәселелерді есепке ала отырып, экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу саласындағы басты бағыттардың бірі көлеңкелі экономикамен, оның алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес болып табылады.
Экономикалық тергеу қызметінің жедел тергеу тәжірибесі алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы оны өткізу сату саласында екендігін көрсетеді.
Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің Экономикалық тергеу қызметі осы салада 18 қылмыстық істі тіркеді. Көлеңкелі айналымнан 24845 литр спирт және 210 мың бөтелке арақ-шарап өнімдері, соынмен қатар 211 мың алған есептік бақылау маркалары алынды.
Қолдан жасалған арақ шарап тұрғындардың денсаулығына аса қауіп тудырады.
Экономикалық тергеу қызметі Өскемен қаласындағы Колхозная көшесінде алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін ашу мен алдын алу фактілерін басты назарда ұстап отыр. Жыл басынан бастап сурогатты алкоголь өнімдерін сатудың бірнеше фактілері анықталды.
Атап айтқанда, жуырда Өскемен қаласының прокуратурасымен бірге Колхозка көшесіндегі үйлерде жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында спирт өнімдерін сату арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі тіркелді.
7 үйге жүргізілген тексеру барысында 2 үйдің аумағынан пластикалық бөтелкелерге құйылған спирт иісі бар 170 литр сұйықтық табылды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде сот сараптамасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-т. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама тағайындалды. (Бұл үшін 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 2 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген).
Алкогольді өнімнің көлеңкелі айналымының негізгі үлесін спирттік сусындарды сақтау мен өткізу саласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілері құрайды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу өндірісінде Өскемен қаласының тұрғыны 55 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік іс бар. Оның үй жайын қарау барысында қолдан арақ-шарап өнімін жасау құрылғылары мен бөшкедегі спирт табылды. Барлығы 632 дана мөлдір сұйықтық құйылған 5 литрлік бөтелке, 41 дана қоңыр сұйықтық құйылған 5 литрлік бөтелке, 12 дана 100 литрлік спецификалық иісі бар сұйықтық құйылған бөшке табылды.
Аталған сұйықтықтардан үлгілер алынып сараптамаға жіберілді. Сот сараптамашыларының қорытындысы бойынша алынған өнімнің сапасы стандартқа сай емес, алкоголь күші 32-33 градусты құрайды және қолдануға мүлдем жарамсыз болып табылады. Барлығы 4,5 тонна спирт заңсыз айналымнан алынды.
Спирттік өнімдерді қолдан дайындайтын жасырын цехтарды ашуға бағытталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда Семей қаласында қолдан арақ шарап жасайтын заңсыз цехтың жұмысы тоқтатылды. Аталған цехта 2000 артық дайын түрлі маркалы арақ шарап өнімдері мен 8000-ға жуық жалған есептік бақылау маркалары табылды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 232-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, осы өнімдерді өткізу каналдары анықталуда.
Сонымен қатар облыс тұрғындарына жеке тұрғындардан сатып алынған сурогатты алкогольден улану фактілерінің болғанын және қолдан арақ шарап өнімдерін сатып алмау керектігін ескертеміз. Бұл сіздің және сіздің жақындарыңыздың өмірі үшін өте қауіпті болып табылады.
Экономикалық тергеу қызметі