2016 жылдың 2 шілдесінде ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарын, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және «Әдеп кодексін» жеке құрамға түсіндіру мақсатында семинар – мәжіліс өтті.
Аталған семинар – мәжіліске ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Марат Қожахметов қатысты.
Департамент өкілі М.Қожахметов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының мақсатын, негізгі бағыттарын, міндеттерін және қабылданған жаңа заңдарда қарастырылған өзгерістерді түсіндірді.
Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы М.Абдрахманов жеке құрамның арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
ШҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі