Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің құрылған күнінен бастап және оның мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған қызметін жүзеге асыру үшін жеке криминалдық бөлімдерді құру қажеттілігі туындады. Сондықтан да ҚР ҚМ Министрінің бұйрығымен 2015 жылғы маусым айынан бастап аумақтық департаменттерде криминалдық бөлімдер құрылды.
Бөлімдерге криминалдық және арнайы сараптама жүргізу, оқиға орындарын қарау, заттай айғақтарды алу, басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізу міндеттері жүктелген.
Аталған бөлімшелер сотқа дейінгі өндірісте арнайы білімді (қылмыстық істерді тергеуде) қолдану үшін құрылған.
Аталған сараптау қылмыстық құқықбұзушылықты тергеуде айрықша орын алады, өйткені маманның қорытындысы іс үшін елеулі маңызы бар фактіні дәлелдеу немесе теріске шығару үшін белгілі құқықтық негіз тудырады.
Сараптаудың түрлі салаларында өз мамандарымыздың болуы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарды ашу мен анықтауға ғана ықпалын тигізіп қоймай, бюджет қаражатын үнемдеуге де септігін тигізеді.
Тек өткен жылдан бері ғана бөлімнің мамандары 100-ден аса тергеу әрекеттері мен 47 сараптамаға қатысты.
Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлері Экономикалық тергеу қызметі өткізетін түрлі алдын алу іс-шараларына белсене қатысады. Жуырда Өскемен қаласының ірі сауда орындары мен базарларында «Абайлаңыз, жалған ақша!» акциясы өткізілді. Акция барысында кәсіпкерлер ЭТҚ жалған ақша айналымымен күрес бағытында атқарған жұмыстарымен танысып, нағыз ақшаны жалған банкнотадан айыру белгілерімен таныс болды.
Бөлім қызметкерлері сонымен қатар Қазақстан Ұлттық банкінің Шығыс Қазақстан филиалымен Шығыс Қазақстан облысының екінші деңгейлі банк қызметкерлерімен кездесу өткізіп, оларға жалған ақшаны қолдан жасау түрлері мен оларды анықтау тәсілдері және осындай жалған купюралар анықталған кезде Экономикалық тергеу қызметіне дер уақытында хабарлау қажеттілігі түсіндірілді.
Экономикалық тергеу қызметінде криминалистік бөлімшелердің құрылуы Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының дамуындағы қажетті және дұрыс кезең болып табылатыны анық.
ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі