2016 жылы 31 мамырда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кезекті Консультативтік кеңестің отырысы өтті. Департаменттің басшысы Бауыржан Айнабеков Консультативтік кеңесті ашты және күн тәртібімен таныстырды.
«Мемлекеттік кірістер органдарының әрекеттерге және актілерге шағым беру рәсімдерінің жеке сұрақтары» тақырыбына ШҚО бойынша МКД заң бөлімінің басшысы О.Ю. Лезгиева баяндама жасады. Ол негізгі шағым беру, шағымдануда мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ, жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органында шағымдарды қарау тәртібі мен мерзіміне тоқталып өтті.
КК хатшылығына Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасынан келіп түскен «Штиф» ЖШС, «Alma Oil Energy» ЖШС сұрақтарына жауап берді.
Салық заңнамасын түсіндіруде «ALAN MOTORS» ЖШС өкілінің сұрақтарына салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бөілімінің басшысы Г.К. Сабралимова жауап берді.
Отырыс барысында кеден заңнамасы бойынша «Қазмырыш» ЖШС және «Азия Авто» АҚ қойған өзекті мәселелер талқыланды. Осы сұрақтар бойынша Кедендік бақылауды басқару басқармасының басшысы міндетін атқарушы Е.С.Ктанов түсіндірді.
ШҚО кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподақ БҚ төрайымы Г.С. Казанцева тұрақты түрде «Қазақтелеком» АҚ өкілдерін шақыруды ұсынды, себебі облыстың көпшілік аудандарында БКМ орнатуға байланысты проблемалық сұрақтар туындайтынын атап өтті.
Одан ары салық және кеден салаларында құқықбұзушылықты тексеру басқармасының басшысы міндетін атқарушы О. Оразғали қатысушыларды биылғы
жылдың 5 айы ішінде салық және кеден салаларындағықұқық бұзушылыққа қарсы әрекет жасау бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлық ұқықбұзушылықтың алдын алу қашанда өзекті тақырып екендігі анық. Осы мәселеге қатысты ШҚО бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы міндетін атқарушы Б. Аметаев баяндама жасады.
Өткен отырысты қорытындылай отырып, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Б. Айнабеков қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.