Есірткі заттарының, жарылғыш заттар мен заңсыз ақша айналымына қарсы күресте кинологиялық қызметтің ролі орасан зор. Бұл жұмыста маңызды роль Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің кинологиялық қызметіне жүктелген.
Қызметтің басты мақсаты - арнайы үйретілген қызметтік-іздестіру иттерін жедел-іздестіру шараларына қатысуға, қылмыскерлерді ұстауға, есірткі заттарын, сондай-ақ жарылғыш заттар, қару-жарақ, валюта және елге әкелуге немесе елден шығаруға тыйым салынған басқа да заттардың заңсыз айналымына қарсы күресте тиімді пайдалану.
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде қазіргі уақытта 6 кинолог маман қызмет атқарады, оларда 7 қызметтік ізшіл ит бар. Овчарка, спаниель, лабрадор тұқымдас иттер жарылғыш заттар мен есірткілерді табуға, қылмыскердің ізіне түсуге жаттықтырылады. Осылайша қызметтік иттер құқық қорғаушылардың таптырмас көмекшісіне айналып, қиын сәтте олардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.
Осы уақытқа дейін арнайы жаттықтырылған иттердің көмегімен көптеген қылмыстың беті ашылды. Тек 2016 жылдың басынан бастап кинолог-инспекторлар отыздан артық тапсырмаға шықты. Нәтижесінде төрт аяқты достардың көмегімен заңсыз айналымнан есірткі заттары, декларацияланбаған валюта, «Қызыл кітапқа» енген фауна мен флора заттары алынды.
Кинолог қызметкерлер ҚР кинологиялық орталық ұйымдастыратын түрлі чемпионаттар мен жарыстарға да белсене қатысады. Жуықта ҚР МКД кинологиялық орталығы ұйымдастырған жарысқа біздің төрт аяқты достарымыз қатысып, есірткі заттарын, валютаны және тағы басқа контрабандалық тауарларды іздеу, табу шеберліктерін көрсетті.
Департаменттің кинологиялық қызметі бұдан әрі де мемлекеттің мүддесін қорғауда өз үлестерін қоса беретін болады.
Экономикалық тергеу қызметі.