Date of publication: 30.05.2016 17:07
Date of changing: 21.10.2019 15:35

Шығыс Қазақстан облысында Жария ету науқанының көмегімен 392 адамға жұмыссыздықтар саны азайып, жарты миллиард теңгеден астам ақша заңдастырылды

Бұл туралы ағымдағы жылдың 27 мамырындағы брифингте Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы  Камбаров Бауржан Камбарұлы мәлім етті.  

«Жарнаның жеңілдетілген нормаларының нәтижесінде біздің аумақта құндық бағасы 1 млрд.254 млн.теңгені құрайтын 190 коммерциялық объект заңдастырылды. Айта кеткен жөн, коммерциялық объектілердің ішінде тек қана сауда ұйлері, кафе, автожуу, ТҚО ғана емес, сондай-ақ,  әлеуметтік саладағы объектілер де бар. Осылайша, Зайсан ауданында бала-бақша ғимараты заңдастырылып, қызмет көрсетуде, Шемонаихада – мәдени-сауықтыру орталығы, дәріханалар, Зырян қ. – көкөніс сақтау қоймасы, оқу ғимараттары, Жармада– денсаулықты сауықтыру объектісі – жеке медициналық ұйым.

Аталған объектілердің иелері, осы жарнаны пайдаланып, объектілерін заңдастырды, қазіргі уақытта, мемлекетпен берілген мүмқіндіктің арқасында, нысаналы пайдалану бойынша өз қызметтерің жүзеге асыруда. Сонымен қатар, 392 адам жұмыс орындарымен қамтылып, коммерциялық объектілерден  мүлік және жер салықтары бойынша түсім шамамен 9 млн. теңгені құрады. Осылайша, жария ету субъектілері қызметті іске асырумен байланысты пайда алуымен қоса, еліміздің экономикалық дамып өркендеуіне қатысуда» - деп, атап өтті Бауржан Камбарұлы.

Сондай-ақ, Бауржан Камбаровтың айтуынша, біздің аймақта Түркияда орналасқан құндық бағасы 9 млн. теңгеге жуық жылжымайтын мүлік заңдастырылды және 534,5 млн.теңге ақша жария етілді. Енді, жария етілген ақшаны кез келген уақытта шоттан қайта алып, еш үрейсіз өз қалауы бойынша еркін пайдалануға болады, өйткені Заң бойынша жария ету субъектілері туралы кез келген мәлімет заңмен қорғалып, таратылуға жатпайды.

Брифингті қорытындылай келе, Бауржан Камбарұлы жария етуге белсенді қатысуға және алаңсыз болашақты қамтамасыз етуге шақырды, өйткені мемлекет тек қана мүлік пен капиталды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік берумен қоса,  жария ету субъектілерін қолдап, қосымша кепілдіктер табыс етеді. Азаматтарда еркін түрде жасырын мүлік пен капиталды заңды айналымға қайтарып, өзің және мүлкін сақтауға мүмкіндік туып отыр.