Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша Ұлт жоспарының жүзеге асыру мақсатында, осы жылдың басында салық заңнамасына өзгерістер енгізілді. Ұлт жоспарының 44, 45 қадамдарына сәйкес негізгі өзгерістер жанама салықтарды өндіру механизмдерін жетілдіруге және қосымша құн салығының орнына сатудан түсетін салықты енгізу мәселесін жете қарастыруға және түсімдер мен шығыстардың салықтық есебін міндетті жүргізе отырып қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыруға қатысты болды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 03.12.2015 жылғы Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жер салығына қатысты бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
2016 жылғы 01 қаңтардан бастап елдімекен категориясының және әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасының өзгеруі кезінде жеке тұлғаларға жер салығын есептеу және төлеу тәртібі нақтыланған өзгертулер енгізілді, сондай-ақ Салық кодексі жер салығы бойынша жеңілдіктерді қолданудың басталу және аяқталу кезеңін көздейтін нормамен толықты.
Жерге салынатын салық саласындағы негізгі өзгертулер 2017 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін болады. Жыл басынан жеке тұлғалардан мүлікке және жерге алынатын салықты өтеу мерзімі қысқартылады. Егер қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарымен салықты есептеу уақыты 1 тамызға дейін жүргізіліп, салықты ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін төлеп үлгеру керек болса, келесі жылдан бастап салықты есептеу уақыты есеп беру жылынан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін, өтеу уақыты 1 қыркүйек болып белгіленді.
Өзгертулерге байланысты Салық кодексіне салық төлеушілерді бар берешектері туралы хабардар етудің жаңа нысандары енгізілді.
Салық кодексінің жаңа 661-1 бабы бойынша жер салығы, мүлік салығы және көлік құралына салынатын салық бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен салықтық міндеттемелердің сомаларын есептеу туралы жеке тұлғаларды мемлекеттік кірістер огандарының интернет-ресурстарында ақпаратты орналастыру; тұрмыстық қызметті жеткізушімен есеп айырысу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету; салық төлеушінің электронды поштасына жолдау; салық төлеушімен ұсынылған ұялы телефон номірлеріне СМС-хабарламалар жолдау жолымен ақпараттандыру тәртібі белгіленді.
Осы мақсатта Салық кодексінің 13-бабы 2-1 тармақпен толықтырылды, соған сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарына өзінің телефон нөмірлері және электронды пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді беруге құқылы.
Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағы5-1) тармақшамен толықты, онымен жер салығы, мүлік салығы және көлік құралына салынатын салық бойынша жеке тұлғалардың салықтық берешегінің болуы туралы Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеушінің мүлкі есебінен салықтық берешек сомасын өндіру туралы сот бұйрығын немесе талапарыз беру туралы өтінішпен жүгінген күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге жолдануға тиіс хабарландырудың жаңа түрі белгіленді.
Өз кезегінде, Салық кодексінің 608-бабы 1-тармағы хабарламаларды жеткізу тәртібі туралы және хабарламаларды беру күнін анықтау туралы нормалармен толықты.
Бұл ретте, жеке тұлғалардың хабарламаларды мемлекеттік қызмет түрінде алуы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі. Есептік салықтық кезең үшін есептелген сома туралы осындай хабарлама жеке тұлғамен есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен басталған кезеңде алынуға тиіс.
Тапсырыс хаттармен жолданған хабарламаларға қатысты, олардың пошта байланысының қабылдауы туралы белгі қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жеткізілуі қажет екендігі нақтыланды.
Қазақстан Республикасы нақты қойылған – күшті мемлекет, дамыған экономика және жалпы еңбек мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құру мақсатына сенімді жүріп келеді. Елдің салық заңнамасына енгізілген өзгертулер экономиканың дамуы үшін жұмыс істейтіндігіне сенімдіміз.
ШҚО бойынша МКД
Заң басқармасы