Date of publication: 26.05.2016 17:46
Date of changing: 21.10.2019 15:35

2016 жылдың 04 мамырында Семей қ. бойынша МКБ, Өскемен қ. бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында «Қазақтелеком» АҚ, ШҚО бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сонымен қатар, «ФортШрит», «Дипул» техникалық қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысумен «ДББ БКМ қолдану тәртібі туралы» тақырыбында кезекті семинар өтті.
Семинар-кеңестің өту барысында, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен салық төлеушілерді ДБФ БКМ қолданудың жаңа тәртібіне көшуге міндеттеу туралы заңның күшіне енген нормалары айтылды.
Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (әрі қарай-Салық кодексі) 645-бабы 1т. сәйкес, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (әрі қарай – ДТБ БКМ) қолдануға міндеттеу туралы норма күшіне енді.
Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап –аталған заң нормасы 2015жылдың 30 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің Қаулысымен бектілген қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға да қолданылады.
Сонымен бірге, кеңес диалогты үлгіде өтті, БКМ қолданудың жаңа тәртібіне көшуге қатысты «Қазақтелеком» АК және КРО, МКБ қызметкерлеріне бизнес өкілдері тарапынан сұрақтар келіп түсті. Барлық сұрақтарға түсініктемелер мен нақты жауаптар берілді.

.