
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ең өзекті мәселелердің бірі және Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, құқықтық дамуына кедергі болып табылады. Бүгінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын 2015 жылғы 18 қарашадағы қабылданған және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы негізін құрайды. Осы заң актісіне дейін 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет еткен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жоғарыдағы көрсетілген Заңы бойынша:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
Осы Заңмен бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде 34 тарауында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар көрсетілген:
676-бап Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi.
677-бап Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы.
678-бап Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi.
679-бап Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзiбасқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы.
680-бап Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы.
681-бап Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар көрсетілген.
2019 жылдың қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтурылар енгізілді.
Осы өзгерістер қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық бойынша жазаға тартуына байланысты басшылардың персоналды жауаптылығын нормасын бекітеді. Қол астындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталғаны болса, бірінші басшыларына келесі тәртіптік жауапкершілік көзделеді - сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, қызметінен босату жағдайына да әкелуі мүмкін.
Яғни, отставка институты және қол астындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі енгізілген, нормативті-құқық актілердің жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қайта құрылды, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау жасағаны үшін азаматтарды дифференциалды түрде мадақтау жүйсіне ауысу. Осының барлығы нақты заңдарда айқындалып, алдын-алу тиімді құрал ретінде көрсетті.
2020 жылдың күзінде Мемлекет басшысымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтурылар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойылған болатын.
Осы Заңмен келесі өзгерістер енгізілді:
-сотқа дейінгі тергеу мен жедел-іздестіру шараларын жасайтын лауазымды қызметкерлердің арандатушылық әрекеттеріне қатаң жауапкершілік бекітілді;
-сыйлықтарды алу, материалдық сыйақыларды, сыйақы берген тұлғаға әрекет еткені үшін мемлекеттік қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне қызмет көрсету толық тыйым салынған;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік секторда мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын сатып алу және жобаларды жүзеге асыру сұрақтарымен айналысатын тұлғаларға да жатады;
-бір ұйымда тауыстардың бірге жұмыс істеу бөлек сұрақтарын реттейтін нормалары көзделген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау және басқада.
Жақын болашақта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңына тағыда жаңа өзгерістер енгізілетін болады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы одан ары жетілдіретін болады және сыбайлас жемқорлық фактілерін айқындау мақсатына, адал кәсіпкерлікті қорғау бойынша бағыт алады. Біз мемлекеттік қызметкерлер өз жағынан Қазақстан Республикасының заңдарының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының талаптарын толық сақтауымыз керек.
С.С. Бимагамбетов
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысы